Алтай мен Атырау арасын алып жатқан атырапта алшақтап орналасқан елді мекендердің аралығы кезіндегі – төрт түлік малға толған жайылым, бүгінде жапан дала. Енді бұл аралыққа ел қоныстанса, заман талабына сай болып, ыңғайлы позицияға ие боламыз.
Көлемі әйдік «Байкал-Амур магистралы» (БАМ) алыс Қиыр шығыс пен Сібірді тасымал байланыструмен қатар, бұл темір жол бойларына елді мекендер жайғасуы өңірдің жанданып, ел қуатының артуына ықпал етеді. Осы БАМ құрылысынан кейін ғана Ресей одақтың ыдырауына кедергі етпей, яғни өз тәуелсіздігіне ие болды. Ал, біздің де кең дала, елсіз алыс жолдар бойларына ел қоныстануы дәл осындай стратегиялық аса мағыналы болар еді… Жол бойы елді мекендермен монолит тұтасып, айнала жан-жақ дала тыңдары игеріліп және жақын қалааралық тығыз байланыс дами бастайды. Мұндай үлкен бастамалар арқылы елдің де қуаты арта берері анық.
Каспий теңізінің шығысқа иілген солтүстік жағын көліктер айналып өтіп, бір талай уақытын жоғалтады. Теңіздің бүл иілген солтүстік-шығыс жағы тым таяз. Бұл теңіздің оңтүстік жаға Бозащы түбегіндегі Қаражанбас ауылы маңайынан тура қарсы бет Құрманғазы ауданы жақ жаға аралықты бөгеп, теңіз үстінен төте жолсалу тым қиын проблема емес. Батыс Қытай-Батыс Еуропа халықаралық транзиттік көліктер жолына тағы бір қосалқы жол тармағы қосылып, бұл төте жолмен көліктердің қатынауы тығыздала түсер еді. Бұл істің негізгі көлемі топырақ төсеу болып, оны бірден екі жақтан бастау істі жеңілдетеді. Ал, технологиясы дамыған қытайлықтар осындай жерлерге кідірмей эстакадалық жолдар салған болар еді. Тағы Орталық Азия мен таяу Кавказ еларалық ортаға жайғасқан осы Каспий теңізі екі жағына бөліп, көліктер оны алыс жолдармен айналып жол қаражаты да қымбатқа түседі. Егер Каспий теңізінің таяз шығыс жағасынан тура Азербайжан мен Дагестан біріккен шекара дейін бөгеттеп теңіз үстінен жол түссе, бұл транскаспий ғасыр құрылысы аса халықаралық мағынаға ие болып, жақын аралық тасымал байланысқан бұл өңірде экономикалық даму қарқын алады. Егер бұл іске үш ел қатысса, іс жеңіл орындалады. Мұнай қоры таусылса да бұл жолмен тасымалдық байланыс тығыздалып қаржылай экономикалық кіріс жалғаса береді. Сонда Сыр бойы транзиттік жолымен жүретін тасымалдық және жолаушы көліктер саны еселеп артып, жол да кеңейіп табыстың артуына ықпал етеді. Мұнайлы өлкені сәтті өз кезінде пайдалансақ, қапы қалмаспыз. Бізді тек осындай жасампаздық алға тартады.
Каспий теңізі үстінен жол салынса, бұл жолдар торабы тыңына жаңа үлкен қала құру мақсаты өте сай келеді. Яғни Батысқа біздің де тереземіз ашылып және Африка мен араб елдерімен де жақын байланысып, бұл аймақ қарқынды экономикалық даму өркен алады. Жазық теңіз жағасы бұл қаланы аса сәулетті әлемге әйгілі етіп көтерсек, континентер орталығы бұл қалаға халықаралық саяси ұйымдар штабын оранатуға ыңғайлы болады. Оның үстіне, халықаралық спорт ойындарын өткізуге ұсынсақ, қолдау пайызы артуы сөзсіз. Тағы венгерлер мен неміс бауырлар да қоныстанып, Орталық Азия ғалымдарымен біріксе, бұл қала әлемде ең озық ғылыми және мәдени орталыққа айналатыны анық. Мысыр елі де айдала, Қызыл теңіз жағасына орасан зор зәулім етіп жаңа астанасын құрып бастады. Біз орталық бір қаланы көтердік. Енді теңіз үстінен жолдар салып, оның торабы теңіз жағасында тыңнан әсем қала көтеру болашақ үшін керемет мәңгідік сый болып қалар еді.
Жапан далада қалаларды тым кеңейткеннен гөрі тағы қажетті осындай орталық жерлеге қала көтерсек, алыс қалалар арасы қысқарып, байланыс та арта түседі. Яғни орталық Арал теңізі маңайы қиылысқан темір жолдар тораптарына болашақ облыс орталығы етіп тағы да үлкен қала құруға енді әліміз әбден жетеді. Аса қауіпті сейсмикалық өңірге жатпайтын аймақтарда құрылыс құны арзан түседі. Бұл тым көп қаражат талап етпейді. Аз ғана қосымша қаражат және елімізде құрылатын тұрғын үйлер мен өндіріске арналған қаражаттың 20-25 пайызы жеткілікті. Яғни дәл осы қаражатқа сәйкес есесіне бұл халық сирек жайғасқан аймақтарға жан-жақтардан халық келіп қоныстанады. Сырт елдерде топ болып бірыңғай жайғасқан қазақтардан гөрі әуелі алыста жалғыз қалған қазақпын дегендер мен Ауғанстандағы қандастарды осы жақтарға қоныстандыру керек. Әйтпесе олар барлық ұлттық қасиетін жоғалтып, өзге ұлтқа сіңіп кетуі анық. Дегенмен, ол жақта негізгі халық қазақ болса да, оларды өзбек атап жіберген, әрине, өзіміз. Сөйтіп біз талай өз игіліктерімізден айрылып қалдық.
Қазір бізде ауылдардан облыс орталықтары мен үлкен қалаларға көшіп келіп, қоныстанушылар артты. Ал, үй мен жердің бағасы да жыл сайын шарықтап өсіп барады. Сондықтан қалаларды тым кеңейте бермей, осы урбонизация сәтін пайдаланып, есесіне сол қаражатқа еліміздің бос аймақтарына сәулетті қалалар көтерсек игі. «Есілдің бойы ен тоғай, ел қондырсам деп едім» деп жырлаған Махамбеттің арманы орындалды ғой…
Әйтпесе тоқырап, бұндай дағдарыс жұмыс күші аз елімізде демографиялық дағдарысқа жалғасуы мүмкін. Егер халқымыз көп болғанда, бұндай инфрақұрылымдар әлдеқашан құрылып бітіп, біз ең дамыған аса қуатты елдер қатарында болар едік. Қалааралық алыс жол бойларына бірінші қажеттілік азық-түлікті ауылдар қоныстанған дұрыс. Өңір климаты агроөнеркәсіпті дамытуға да өте ыңғайлы. Елімізде елді мекендердің біркелкі жайғасуы әрқандай дағдарыстан сақтап, тағы позициялық ел қуаты ұлғаятыны жасырын емес.
Кеңестік одақтан ыдыраған елдерге қарағанда біздің жағдайымыз жақсы, алда келеміз. Сингапур сияқты экономикалық дамыған ел болуымызға біздің барлық жағынын мүмкіндігіміз жеткілікті. Еліміздің географиялық жағдайына байланысты біз аграрлы-индустриялы озық дамыған аса қуатты держава болғанымыз дұрыс.
Өте аянышты ауыр заман басымыздан өтті. Енді біз әрқандай қиыншылықтарға шыдап, әуелі ұлы болашақ үшін осындай алып инфрақұрылымдарға ие болуымыз керек. Міне, біз отыз жылда білімді жаңа толқын, жас ұрпақ өсірдік. Енді жастарды жан-жақты дамытып, ұлттық санамен енді екі толқынды қалыптастырса, ХХІІ ғасырда әлемдік аренада топ жарып тұрамыз. Бізде ондай мүмкіндік бар.
Бекназар ӘБСАДЫҚОВ,
инженер құрушы
Жылдам ақпарат алу үшін Facebook, Instagram желілері мен Telegram каналымызға жазылыңыз!