Бейсенбі, 26 желтоқсан, 01:49

  • Қаз
  • Qaz

Бізге жаңалық
жіберіңіз:

+7(702)932-52-25
Жаңа шығарылым
№101 (2111)
24.12.2024
PDF мұрағаты

Аялаймын сені, Қызылордам!

24.09.2024

344 0

Қызылордам, қадірлеймін мен сені,

Сияқтысың бақытымның өлшемі.

Сенде арманым қанат жайды қалықтап,

Сенде ғана тік ұстаймын еңсені.

Сенде тұрам, жетіліп ем сенде өсіп,

Сезімдерім сәулетіңмен селбесіп.

Мендегі ақ, тәтті арманмен бөлістің,

Қиялымның бесігінде тербесіп.

Гүлзарыңда гүл-ғұмырым егілген,

Бақыт әні шарықтайды көгіңнен.

Тіл мен ділін тұтатұғын қасиет

Айналайын Ақмешіттік елімнен!

Алты Алашым деп құрметтер Сырды анам,

Сұлу шәрсің шайырларың жырлаған.

Мен де сенің келбетіңмен жасарып,

Сәулетіңдей асқақтаймын, нұрланам.

Иран-бақтай бұлбұлдарың сайраған,

Береке бар базарыңда қайнаған.

Атқа мінген азаматтар ел үшін

Тәуекелге белін бекем байлаған.

Жақсылыққа, ізгілікке бастаған,

Азаматын артындағы ел қостаған.

Өс, өркенде, жарқырай бер, жайнай бер,

Қызылордам – ең алғашқы бас қалам!

Қызың едім жүрек үнін тыңдаған,

Сенде туып сезімімді жырлағам,

Кейде саған сырымды айтып мұңданам,

Өзіңде өсіп өзімді-өзім шыңдағам.

Жасай берші, жасара бер, гүл қалам!

Нұргүл Төлеубай,

қалалық орталықтартандырылған кітапханалар

жүйесінің №6 кітапхана қызметкері

 


 

Жылдам ақпарат алу үшін Facebook, Instagram желілері мен Telegram каналымызға жазылыңыз!

Тағы да оқыңыз: