Топ-баннер2

Сенбі, 07 наурыз, 05:02

  • Қаз
  • Qaz

Бізге жаңалық
жіберіңіз:

+7(702)932-52-25
Жаңа шығарылым
№18 (2230)
07.03.2026
PDF мұрағаты

Айгүл Өткелбаева, Абай атындағы үш тілде оқытатын дарынды балаларға арналған мамандандырылған сыныптары бар мектеп директоры: Әрбір әйел  бақыт үшін жаралған

07.03.2026

49 0

8-наурыз халықаралық әйелдер күні арулар үшін ғажап күнШуақты сәтті нәзік жандар асыға күтеді. Себебі ұлт ұясының отанасы, әлемнің әдемілігі мен табиғаттың таңғажайып сұлулығы мен мейірімін бойына жиған әйелдер қауымына құрмет ерекше. Осындай аяулы жанның бірі  –  Абай атындағы үш тілде оқытатын дарынды балаларға арналған мамандандырылған сыныптары бар мектеп директоры  Айгүл Алтынбекқызы ӨткелбаеваҚазақ қызына тән биязылығына қоса өте белсенді, ұйымдастырушылық қабілетімен ерекшеленген мектеп басшысымен мереке қарсаңында сұхбаттасудың сәті түсті.

– Көктемнің алғашқы мерекесі 8 наурыз күнін қалай той­лай­сыз? Сізге несімен  ерекше?

– 8 наурыз  мен  үшін  күнтізбедегі жай  ғана де­малыс  күні  емес, бұл – Табиғат-Ананың оянуымен үндес­кен мереке. Қысқы ұйқыдан оянған Жер-Ана қалай түрленіп, айналасына өмір сыйлай  бас­таса, әйел заты да солай  бүкіл  тіршіліктің, шуақтың және  мейі­рімнің  бастауы. Бұл күн­нің кереметі – айналаның жасыл желекке оранып, бәйшешектердің бой көтеруімен, табиғаттың түрленуімен тұспа-тұс келуі. Мен үшін бұл мереке нәзіктік пен қуаттың тоғысуы. Сондықтан міндетті түрде жақындарыма жылу сыйлап, анама деген шексіз алғысымды білдіруден  бастаймын.

Әйел, ана – отбасының  күні  болса, көктем жылдың жар­қыраған күні іспеттес.  Әйел  заты да көктем секілді айна­ласына  өмір  сыйлап, жылу береді. Сондықтан бұл күн маған әйел бақытының, ана махаббатының қаншалықты  құдіретті  екенін  тағы  бір  мәрте  еске  салатынымен   қымбат.

– Белсендісіз. Қайнар күшті  қайдан  аласыз?

– Сөзіңіздің жаны бар. Көпшілік «шаршамайсыз ба?» деп сұрап жатады. Менің негізгі күш-қуатым ішкі үйлесім мен сүйікті ісімде. Ең бірінші,  отбасымның қолдауы, үйдегі атмосфера маған қанат бітіреді. Әрбір ісімнің  жемісін көру, біреуге пайдаң тигенін сезіну – ең үлкен мотивация.  Өзім жақсы көретін іспен айналысқанда шаршауды ұмытамын. «Адамның жаны сұлу болса, тәні де қуатты болады» деген ұстанымды ұстанамын. Екінші қолдау – ол шәкірттерімнің білім алуға деген ниеті мен шамшырақтай жанып тұрған көзі. Балаларды жақсы көремін. Баланы алдай алмайсың, оларға өз энергияңды жұмсап,  біліміңді берсең,   олар бала махаббаттарымен қайтарады. Сондықтан шаршадым деп айтуға болмайды. Үшінші  күш-қуатымның қайнар көзі – табиғатпен үндестікте. Көктем басталысымен көгалдандыру ісін бастап кетемін.  Табиғат-анаға қызмет етсең,  жемісін еселеп береді. Осы кезге дейін көгалдандыру жұмысына өз үлесімді қосып жүрген қоғам мүшесімін десем қателеспеймін. Көктемде күн сәулесі жер бетін қалай жылытса, мен де айналамдағы шәкірттеріме, ұжымыма және отбасыма сондай шуақ шашуға тырысамын. Ағаштың бүршік жаруы, өзеннің гүрілдеп ағуы маған ерекше серпін береді. Табиғат оянуынан жаңа идеялар мен шабыт аламын. Атқарылған істің жемісін  көру өмірлік бақыт деп ойлаймын.

Асүйімде де «көктемгі серпіліс» жаса­ғанды ұнатамын. Көктем келісімен, ағзаға қуат беретін, жасыл шөптер мен пайдалы өнімнен дайындалған тағамдар әзірлеймін. Әрине, ұлттық  нақыштағы  дәстүрлі ас – біздің дастарханның сәні. Асхана – менің шығармашылық бөлмем. Отбасым үшін ерекше дәмдеуіштер қосылған ұлттық тағамдарды және соңғы кезде дәруменге бай заманауи салатты жиі әзірлеймін. Әсіресе демалыс күндері біз отбасымызбен  бірлесіп  ерекше ас пісіруді дәстүрге айналдырғанбыз.

– Кітап оқуға уақыт табасыз ба?

– Жан дүниемді байыту үшін классикалық әдебиет пен тұлғалық даму кітаптарын көп оқимын. Бір мезгілде бірнеше шығарманы  қатар оқимын. Оқып қана қоймай, сол сюжетке түсірілген фильмді көріп, автордың айтқысы келген идеясына баға беруді ұнатамын. Әдебиеттегі кейіпкерлердің тереңдігін түсінуге тырысып, қара сөздің құдіретін сезінгенді жаным сүйеді. Сонымен қатар көктемгі табиғат көрінісінен шабыт алып, ой толғаймын. Топырақтың иісін сезіну, алғашқы гүлдерді тамашалау – мен үшін баға жетпес  демалыс.

– Әйел бақыты неде?

– Мен бақытты жармын, төрт баланың анасымын, ата-анамның аяулы қызымын, ата-енемнің үл­кен келінімін. Тәңірім берген нығметке жарық күніне риза­шылық етемін. Әйел адам бақытты болу үшін көп нәрсе қажет етпейді.  Еліміз аман, жұртымыз тыныш болса, от­басында  төрт көзіміз түгел болса, анаға одан артық ба­қыт жоқ. Әрбір ана бақытты болуға лайық.

– Мерекеге ле­бізіңіз…

– Қадірлі аяулы аналар, нәзік жандар! Табиғат-Ана түрленіп, дүние жаңарған шуақты шақта көңілде­ріңізден  көктем  кетпесін. Сіздердің мейірімде­ріңіз қатып қалған мұз­ды ері­тетін күн нұрындай қуат­ты. Жан­да­рыңыз әр­дайым гүлдей жайнап, өмір­леріңіз бақыт пен шаттыққа толсын. Әр­бір  ат­қан  таң тек жақ­сы­лық пен жаңа  мүм­кін­діктер ала кел­­сін. Әлем­нің ажа­ры, от­басының тіре­гі болып, шуақ ша­шып жүре беріңіздер. Әр­­бір әйел заты бақыт үшін жа­­рал­ған әлем­­нің ажары. Күлкі­лерің­ізден  әлем  нұр­лана  түссін. Жан­­­­­да­рыңыздан көк­­тем­нің жылуы, көңіл­­деріңіз­ден гүл­дердің хош иісі кетпесін. Шаңырақта бе­реке, отбасында ты­­­­ныштық бол­сын. Әр­­­­қашан сүйікті, әрі сый­лы бо­лып, биік белестерді  бағын­дыра  беріңіздер! Көк­темгі көңіл-күй серіктеріңіз бол­сын!

– Сұхбатыңызға рахмет!

Сұхбаттасқан

Гауһар ҚОЖАХМЕТОВА

 


 

Жылдам ақпарат алу үшін Facebook, Instagram желілері мен Telegram каналымызға жазылыңыз!

Тағы да оқыңыз: