Дүйсенбі, 25 қараша, 07:02

  • Қаз
  • Qaz

Бізге жаңалық
жіберіңіз:

+7(702)932-52-25
Жаңа шығарылым
№93 – 2103
23.11.2024
PDF мұрағаты

Айласын асырған ассенизатор көп

14.09.2024

505 0

Әлеуметтік желіні аша қалсаңыз, тұрғындардың ассенизаторларға деген өкпе-ренішін байқайсыз. Бір үйдің лас суын тартып алып, орталықтандырылған кәріз жүйесіне төгіп жүреді. Тіпті, балабақша, тұрғын үй демейді, қолқаны қабатын сасық иісті айналаға таратып, «қолыңнан келгенін істе» дейтіндер көбейді. Бұл ретте Қызылорда облысы бойынша экология департаментіне Қызылорда қаласының тұрғындарынан белгіленбеген жерлерге кәріз су төгу деректері бойынша арыз-шағымдар да көптеп барып жатқан көрінеді.

Құзырлы орган тарапынан Қызылорда қаласы және қалаға қарасты елді мекен аумақтарында ассенизатор автокөліктерімен белгіленбеген жерлерге заңсыз кәріз су төгу фактілерінің алдын алу мақсатында Қызылорда қаласы аумағында заңсыз кәріз суларды төгуге жол бермеу бойынша 2024 жылға арналған іс-шара жоспары бекітілді.
– Аталған, іс-шара жоспарына сәйкес Қызылорда қаласы және қалаға қарасты елді мекендер аумағында тиісті мемлекеттік мүдделі органдармен ассенизатор автокөліктерінің заңсыз кәріз суларын төгу дерегін тоқтату мақсатында рейдтік іс-шараларды жүргізу және учаскелік полиция қызметкерлерімен патрульдік көлікпен тиісті белгіленген аумақтарды аралау арқылы заңсыз кәріз су деректері бойынша бақылау, анықтау жұмыстарын жүргізу қарастырылған, – деді департаменттің мемлекеттік экологиялық бақылау бөлімінің бас маманы Әлішер Шамкенов.
Бұл іс-шара жоспарына сәйкес жыл басынан бері департамент және құзырлы органдардың мамандарымен Қызылорда қаласы аумағында 11 рейд және профилактикалық түсіндірме жұмыстары жүргізілді.
Айта кетейік, құқық қорғау және мемлекеттік органдар тарапынан Департаментке заңсыз кәріз суларын төгу деректері жөнінде құжаттар жолданып, Қазақстан Республикасының Әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодексінің 802-бабына сәйкес әкімшілік құқық бұзушылық туралы іс қозғалып, тиісті шаралар қабылдануда. Жыл басынан бері бұл бағытта 7 тұлғаға қатысты әкімішілк құқық бұзушылық туралы хаттама толтырылып, айыппұл салынды.

 


 

Жылдам ақпарат алу үшін Facebook, Instagram желілері мен Telegram каналымызға жазылыңыз!

Тағы да оқыңыз: