Дүйсенбі, 31 наурыз, 17:30

  • Қаз
  • Qaz

Бізге жаңалық
жіберіңіз:

+7(702)932-52-25
Жаңа шығарылым
№22,2135
29.03.2025
PDF мұрағаты

Алғашқы отандық микропроцессор RX5 тестілеуден сәтті өтті

29.03.2025

425 0

Қазақстан микроэлектроника саласында маңызды қадам жасады – алғашқы отандық микропроцессор RX5 өндірістен кейін тестілеуден сәтті өтті. Бұл жобаның жетекшісі – Назарбаев университетінің ассистент-профессоры, инженер және зерттеуші Нұрсұлтан Қабылқас. Нұрсұлтан Қабылқас «Бола­шақ» бағдарламасының түлегі, АҚШ-та білім алған және қазіргі таңда Назарбаев университетінде студенттерге микросұлбалар жобалау пәнін оқытады. Ол сондай-ақ жаңа микропроцессорларды жобалаумен айналысатын стартап командасын басқарады. SEDS NU сайтында жарияланған ақпаратқа сүйенсек, RX5-тің жасалуына бір жыл бұрын Пекиндегі «Beijing Open Source Chip Institute» институтымен серіктестік орнатылған. Осы ынтымақтастықтың арқасында процессор Қытайда өндіріліп, Қазақстанға оралған соң негізгі кезең – «бринг ап» (алғашқы іске қосу және жұмысқа жарамдылығын тексеру) сәтті жүзеге асырылды. Әзірге RX5 әлемдік алыптармен бәсекеге түсе алмаса да, бұл қадам Қазақстанға отандық микроэлектроника мектебін қалыптастыруға, инновациялық процессор архитектураларын жасауға және болашақта өз елімізде чиптер өндіруге мүмкіндік береді. Бұл жетістік Қазақстанның технологиялық дамуындағы жаңа кезеңнің бастамасы болмақ.

София Темірболат

 


 

Жылдам ақпарат алу үшін Facebook, Instagram желілері мен Telegram каналымызға жазылыңыз!

Тағы да оқыңыз: