Дүйсенбі, 25 қараша, 04:26

  • Қаз
  • Qaz

Бізге жаңалық
жіберіңіз:

+7(702)932-52-25
Жаңа шығарылым
№93 – 2103
23.11.2024
PDF мұрағаты

Алғашқы «жайлы мектеп» жақында ашылады

10.09.2024

278 0

Аймақ басшысы Нұрлыбек Нәлібаев «Жайлы мектеп» ұлттық жобасы аясында Қызылорда қаласында салынған білім ордасына барып, жұмыс барысымен танысты. Құрылыс алаңына облыстық мәслихат хатшысы Мұрат Тілеуімбетов, облыс әкімінің орынбасарлары, жауапты басқарма басшылары мен қала әкімі барды.

Қазір мектеп құрылысы аяқталуға жақын, таяуда ел игілігіне табысталмақ. Сол жағалаудағы заманауи ғимарат 900 орынға арналған. Айта кетейік, ұлттық жобамен Қызылорда облысында 2025 жылға дейін 15100 орынға арналған, құны 100 млрд теңгеден асатын 21 мектеп бой көтереді деп жоспарланған.

Жайлы мектеп ауыл-аймақтар мен қалаларда бірыңғай стандартпен салынады. Басты ерекшелігі, бастауыш пен жоғары сынып оқушылары екі бөлек блокта білім алады. Балалардың қауіпсіздігі үшін әр блокта бейнебақылау, дыбыстық хабарлау сынды күшейтілген қауіпсіздік құрылғылары орнатылмақ.

Балалардың бос уақытын тиімді өткізуге, шығарма­шылығын шыңдауға да лайықты жағдай жасалады. Бұл білім ошақтарында физика, химия, биология және робототехника сыныбы заманауи құралдармен жабдықталады. Жоғары жылдамдықтағы интернетке қосылып, сыныптарға touch-экрандар қойылады. Бұдан бөлек, ерекше балалардың білім алуына да бар мүмкіндік жасалады. Оқушылар мектеп қабырғасында спортпен еркін айналыса алады. Жайлы мектептің жобалық қуатына сәйкес бірнеше спорт залы болады. Мұндай мектепте тек оқушыларға ғана емес, мұғалімдерге де қолайлы жағдай жасалмақ. Білім ошағына қатынайтын қоғамдық көліктен, жаяу жүргіншілер жолынан, жарық бағаналарынан мәселе туындамайды.

Аймақта салынатын жайлы мектептердегі құрылыс барысы облыс әкімінің жіті бақылауында. Нұрлыбек Машбекұлы құрылысты мерзімінде аяқтаудың әрі сапалы етіп салудың өте маңызды екенін тағы да қатаң ескертті.

«Ақмешіт-ақпарат»

 


 

Жылдам ақпарат алу үшін Facebook, Instagram желілері мен Telegram каналымызға жазылыңыз!

Тағы да оқыңыз: