Алғыс айту күніне орай А.Тоқмағамбетов атындағы қалалық мәдениет үйінде «Татулыққа тағзым, адамзатқа алғыс» атты мерекелік іс-шара өтті.
Жиынға зиялы қауым өкілдері, этномәдени бірлестік мүшелері мен қала тұрғындары қатысып, ел бірлігінің маңызы дәріптелді.
Жиында Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев атап өткен ынтымақ пен қайырымдылық құндылықтары кеңінен айтылды. Сондай-ақ қалалық мәдениет, тілдерді дамыту бөлімінің басшысы Айдын Қайруллаев құттықтау сөз сөйлеп, бірқатар азаматтарды марапаттады.
– Бүгінгі мереке – баршамызға ортақ құндылықтарды дәріптейтін, бірлік пен татулықты ұлықтайтын айрықша күн. Мереке қарсаңында баршаңызға зор денсаулық, отбасыларыңызға амандық, шаңырақтарыңызға шаттық пен береке тілеймін,– деді Айдын Қайруллаев.
Мерекелік жиын концерттік бағдарламамен жалғасты. Кеш соңында «Елге арнау» әні орындалды. Іс-шара қатысушыларды ерекше әсерге бөлеп, !Алғыс айту» мерекесінің мәнін айшықтай түсті.
Айдана БАХТИЯР
Жылдам ақпарат алу үшін Facebook, Instagram желілері мен Telegram каналымызға жазылыңыз!