Жұма, 27 желтоқсан, 17:18

  • Қаз
  • Qaz

Бізге жаңалық
жіберіңіз:

+7(702)932-52-25
Жаңа шығарылым
№101 (2111)
24.12.2024
PDF мұрағаты

Алтынай Молжанова: Бізге еркіндік сыйлаған күн

25.10.2024

194 0

– Республика күні – елімізге еркіндік сыйлаған Ұлы күн. Халқымыздың басты мерекесі. 1990 жылдың 25 қазанында Қазақстанның Тәуелсіздік жолындағы тұңғыш қадамы жасалды. Сондықтан айтулы күні еліміздің қол жеткізген табыстары, тұрақтылық пен дамуымыз айрықша насихатталуы қажет.
Аналарымыздың егемендік жолындағы ерен еңбегін кейінгі ұрпаққа өнеге ету мақсатында «Анаға тағзым» орталығы танымды-тағылымды шараларға үздіксіз ұйытқы болуда. Орталықтың басты мақсаттарының бірі де – ұлттық кодымызды сақтау арқылы өскелең ұрпақ бойына тарихымыз бен мәдениетімізді сіңіру. Жалпы еліміздің жеке территориясы, азаматтығы, мемлекеттік рәміздері мен халықаралық қатынастағы дербестігі бекітілген маңызды күн жастар арасында ұдайы насихатталуы керек. Өйткені еліміздің жарқын болашағы – бүгінгі өскелең ұрпақ қолында. Елдік пен егемендікке бастаған басты мерекеміз құтты болсын! Еліміз аман, жұртымыз тыныш, тәуелсіздігіміз мәңгі болғай!

 


 

Жылдам ақпарат алу үшін Facebook, Instagram желілері мен Telegram каналымызға жазылыңыз!

Тағы да оқыңыз: