Ана сүті – жаңа туған нәресте үшін теңдессіз қорек. Ана сүті сапалы және пайдалылығымен басқа тағамдардан жоғары тұрады.
Дүниеге келген сәбидің дұрыс дамуы мен өмірге бейімделуіне əсер ететін жалғыз өнім – ана сүті. Бала дүниеге келгеннен кейін 6 ай бойы тек ана сүтімен қоректенеді. Содан кейін ғана қосымша тағамдар беруіне болады. Өкінішке қарай, қазіргі тәжірибемде әйелдердің 30%-ы ғана 6 айға дейінгі сəбиді омырау сүтімен қоректендіреді екен. Ал қалған 70%-ы арнайы дайындалған қоспаның көмегіне жүгінеді. Ғалымдар ана сүтінің құрамында 3000-нан аса қажетті заттар бар екенін дəлелдеген. Ал арнайы дайындалатын қоспаларда 50-60-тай ғана микроэлементтер мен дəрумендер бар. Ана сүтіндегі заттарды қолдан жасау мүмкін емес жəне олардың бəрі де бала ағзасының дамуында өзіндік рөл атқаратыны түсінікті. Омырау ему арқылы баланың тістей алу қабілеті жəне сөйлеу тілі қалыптасып, бет бұлшықеттері жақсы қалыпқа келеді. Өйткені бөтелкемен ему ыңғайлы əрі тез. Көп күшті талап етпейді.
Ана сүтінің тиімділігі көп, яғни қашанда қасыңызда, ылғи да тұтынуға дайын, арнайы әзірлеуді қажет етпейді, анасы бірнеше күн емізбесе де көкіректе не ашып, не бұзылып кетпейді, оны еш жерден сатып та ала алмайсыз, ол тек сіздің балаңызға ғана арналған. Ана сүті ішек жұқпалы, респираторлық-жұқпалы, аллергиялық аурулардың алдын алып, баланың физикалық өсуін дамытып, сана-сезімін жетілдіріп, жүйке жүйесін дамытып, диабет және семіздік ауруына шалдығу қаупін төмендетеді.
Әр анаға балаңызды емізу арқылы оның иммунитетін арттырыңыз деген кеңес беремін.
Айнұр Жұбаниязова,
№4 емхананың жалпы тәжірибелік дәрігері
Жылдам ақпарат алу үшін Facebook, Instagram желілері мен Telegram каналымызға жазылыңыз!