Жексенбі, 24 қараша, 20:10

  • Қаз
  • Qaz

Бізге жаңалық
жіберіңіз:

+7(702)932-52-25
Жаңа шығарылым
№93 – 2103
23.11.2024
PDF мұрағаты

Аралды сақтау: Жобаның екінші кезеңі басталады

20.07.2024

453 0

Биыл Солтүстік аралды сақтау жөніндегі жобаның екінші кезеңі басталмақ. Бұл туралы Су ресурстары және ирригация министрі
Нұржан Нұржігітов Сыр өңіріне сапары барысында тұрғындармен кездесуде айтты.

– Жобаның бірінші кезеңінің қорытындысы бойынша Көкарал бөгеті салынды және Солтүстік Аралдағы су көлемі 27,1 млрд текше метрге жетті. Екінші кезең су ресурстарын басқаруды жақсартуға, балық шаруашылығы мен экотуризмді дамытуға, өңірдің экологиялық жағдайын жақсартуға және Солтүстік Арал теңізінде су жинақтаудың көлемі мен тиімділігін арттыруға арналған, – деді министр.
Жоба негізгі үш бағыттан тұрады. Біріншісі – Солтүстік Арал мен Сырдария өзені саласындағы инфрақұрылымды дамыту және гидрологиялық жағдайын жақсарту. Екіншісі – Қызылорда облысындағы тұрақты экономикалық, әлеуметтік және экологиялық жағдайға қолдау көрсету. Үшіншісі – су ресурстарын басқарудың ақпараттық базасы мен жүйелерін жаңартуды қамтиды.
Бүгінде сала мамандары дүниежүзілік банктің гранты есебінен жоба бойынша қажетті құжаттама әзірлеуде.
Сондай-ақ Арал ауданындағы Ақшатау және Қамыстыбас көлдеріне су жинау үшін Су ресурстары және ирригация министрлігі Аманөткел ауылының жанында су торабын салуды жоспарлап отыр. Қараөзек каналында жаңа су қоймасын салуға ниетті.Бұдан бөлек, Жиделі су қоймасы мен Қызылорда су торабын кешенді реконструкциялау жоспарлануда. Ал 2025-2026 жылдары Жаңақорған ауданындағы «Келінтөбе» магистральды каналы мен Шиелі ауданындағы Сұлутөбе ауылдық округіне Сырдария өзенінен су жіберу үшін қосымша каналдар салу жоспарланған.
– Бұл іс-шаралар облыстың ауыл шаруашылығын суармалы сумен неғұрлым тиімді қамтамасыз ету үшін және өңірдің су нысандарын сақтауға қажет, – деді министр Нұржан Нұржігітов.


«Ақмешіт-ақпарат»

 


 

Жылдам ақпарат алу үшін Facebook, Instagram желілері мен Telegram каналымызға жазылыңыз!

Тағы да оқыңыз: