Жексенбі, 29 желтоқсан, 18:03

  • Қаз
  • Qaz

Бізге жаңалық
жіберіңіз:

+7(702)932-52-25
Жаңа шығарылым
№101 (2111)
24.12.2024
PDF мұрағаты

Ардан аттамаған абзал

28.09.2024

293 0

Кез келген өркениетті қоғам үшін сыбайлас жемқорлықпен күрес – ең өзекті мәселе. Сыбайлас жемқорлық заман ағысымен бірге өсіп-өркендеп, мол қаражат және қоғамдық бәсекелестік пайда болған жерлерге тамырын жайып, бүгінгі күнге дейін жойылмай отырған кесел екені дәлелденген. Бұл кесел дамушы елдердегідей біздің жас мемлекетіміздің алға жылжуына да кері әсерін тигізіп тұр.

Сыбайлас жемқорлықпен күре­су – Қазақстанның бүгінгі күнгі күр­де­лі мә­­селесі. Өйткені, ұлты­мыз­дың қауіпсіздігіне, еліміздің халықара­лық беделіне, азаматтардың конституция­лық құқықтары мен бостандықтарына елеулі нұқсан келтіретін қауіпті құ­былыс. Сондықтан да онымен күресті  тек заң қызметкерлері ғана жүзеге асырады деп бойымызды аулақ салмай, бірлесе күресуге жұмылуымыз керек.

Сыбайлас жемқорлықпен пәрмен­ді күресу үшін халықтың құқықтық сауатсыздығын жоятын, құқықты тү­сіндіру жұмысының деңгейі мен са­пасын арттыру жоғары маңызға ие. Халық өздерінің құқықтарын, өзде­ріне қарсы қандай да бір құқыққа қайшы іс-әрекет жасалған жағдайда қандай іс-қимыл қолдану керегін білуі қажет. Конституциялық тәртіпті қорғау, сы­байлас жемқорлықпен күрес аясында тиімді, бірыңғай жалпы мемлекеттік саясат жүргізу, мемлекет пен азамат­тардың өмір сүруінің барлық сала­ларында сыбайлас жемқорлық пен оның көріністері деңгейін төмендету, қоғамның мемлекетке және оның инс­титуттарына сенімін нығайту – бүгінгі күндегі басты мақсат.

Бүгінгі күні сыбайлас жемқорлық­ты алдын-алуға байланысты  Қорқыт ата мемориалды музейінде тұрақты түрде жүйелі жұмыс жүргізіліп, сыбай­лас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл жөнін­де 2024 жылға арналған іс-шара­лар жоспары бойынша біршама жұмыс атқарылып келеді.

Айгүл БЕРМАХАНОВА,

Қорқыт ата мемориалды музейінің ғылыми қызметкері                 

 


 

Жылдам ақпарат алу үшін Facebook, Instagram желілері мен Telegram каналымызға жазылыңыз!

Тағы да оқыңыз: