Жексенбі, 24 қараша, 19:47

  • Қаз
  • Qaz

Бізге жаңалық
жіберіңіз:

+7(702)932-52-25
Жаңа шығарылым
№93 – 2103
23.11.2024
PDF мұрағаты

Асхат БАЙДАУЛЕТОВ, кондитерлік цех директоры: Торт арқылы әрбір үйге қуаныш сыйлаймыз

20.07.2024

524 0

20 шілде – халықаралық торт күні. Бұл мерекенің тарихы ертеден басталады, ол кезде торттар үлкен мереке мен молшылықтың символы болған. Уақыт өте келе торттар туған күндерден бастап үйлену тойларына дейін түрлі мереке¬лердің ажырамас бөлігіне ай¬налды.
Қазіргі торттарды еске түсіретін тәтті тағамдар тіпті Мысырда да табылған. Бұл мерекелік тәттілердің та¬рихы бай екенін көрсетеді. Тарихшылар тортты нақты біл¬месе де, оның тарихы шамамен екі мың жыл бұрын басталған деп санайды. Лингвисттер пі¬кірінше, итальяндық «Торта» сөзі «Дөңгелек нан» дегенді білдіреді екен, яғни алғашқы торттар Италиядан шығуы мүмкін. Сонымен қатар ежелгі грек қалаларында ою-өрнекпен безендірілген ұннан жасалған нан өнімдерінің табылуы ал¬ғашқы торттардың Грецияда пайда болуы мүмкін деуге де негіз бар. Уақыт өте келе торт мерекені бейнелейтін нағыз өнер туындысына айналды. Модельдеу мен сурет салуды зерттеген ХVII ғасырдағы француз кондитерлері бисквит, безе және кілегейден күрделі композициялар жасап, кондитерлік саланың дамуына үлкен үлес қосты. Алғашқы көп деңгейлі торттар композициясы ХVIIІ ғасырда Лондонда пайда болып, молшылық пен сән-сал¬танаттың символына айналды. Ресейде мерекелік нан пісіру дәстүрінің өзіндік ерекшеліктері болды: мұнда той үстелінде қа¬мырдан жасалған гүлдер мен пішіндермен безендірілген нан болды. Уақыт өте торт күрделі және әр түрлі болды. Кондитерлер тортты пісіру үшін карамель, безе және майлы крем сияқты жаңа қоспаларды, сондай-ақ әр түрлі пішіндер мен өлшемдерді пайдалана бастады. Бірегей рецепттерімен және теңдесі жоқ шеберлігімен танымал шығыс тәттілері түрлі торт дайындауға әсер етті. Шығыста ертеде тәт¬тілер аспаздық өнердің жоғары деңгейін көрсететін еді.
Халықаралық торт күнінің тақырыбын жалғастыра отырып, тортты дайындаудың қыр-сырын және осы тәтті шедеврлердің өмірімізді жарқын ететінін білу үшін кондитерлік цех ди¬ректоры Асхат Байдаулетовпен сұхбаттасқан едік. Ол кондитерлік саланың көпжылдық дәстүрі, әрбір мерекеге ерекше дәм берудің қаншалықты маңызды екендігі туралы айтып, өзінің білімі мен тәжірибесін бөлісті.
– Кондитерлік саланы дамы¬ту үшін бизнес бастадым. Ал¬ғашында Шымкент пен Алма¬тының өнімдерін көтерме баға¬мен түрлі дәмхана мен дү¬кендерге ұсынып, сатумен ғана айналыстым. Бұл тәжірибе маған нарықтың қыр-сырын түсінуге ғана емес, сонымен қатар өз бизнесімді дамытуға мүмкіндік берді. Өзіміздің кондитерлік өнім-дерді жасауға көшетін кез келді деп шештім. Бизнесті ашу үшін танысыммен кондитерлік цех ашуды жоспарладық. Біздің мақсатымыз айқын болды – қалада дәмді ғана емес, сонымен қатар табиғи таза, ең жақсы тәттілер мен торттар шығару. Біз рецепттердің алуан түрлерін зерттеп, дәм мен сапаның тамаша үйлесімін табу үшін қоспалардан тәжірибе жасауды бастадық. Біз¬дің кондитерлік өнерге деген қызығушылығымыз және шын мәнінде ерекше нәрсе жасауға ұмтылысымыз жоғары сапалы өнім шығаруға ықпал етті, – дейді Асхат Нұралыұлы.
Қазіргі таңда цехта кон¬дитерлік өнімдерге, әсіресе, тәтті крем дәмімен тұрғындардың жүрегін жаулаған «Молочная девочка» тортына деген қы¬зығушылық ерекше артуда. Қытырлақ торт пен хош иісті пісте кремінің керемет үйлесімі «Фисташка қосылған орама-рулет» те өте танымал. Жаңадан шыққан «Тары чизкейк» бар, мұнда дәстүрлі ірімшік торттары жергілікті сөк пен талқан қосып жасалған. Бұл десерттер көз тартарлық түрімен көзді қуантып қана қоймай, сонымен қатар ерекше дәмімен тамсантады.
– Цехтың кондитерлері жаңа дәм мен рецепттерді жасау үшін тынымсыз еңбек етеді. Бұл өнім¬дердің әрқайсысы аспаздық ше¬берлік пен шығармашылықты көрсетіп қана қоймай, шынайы өнер туындысы деуге болады. Қала тұрғындары бұл десерттерді дәмі үшін ғана емес, сонымен қатар қоспалардың сапасы, өзіндік ерекшелігімен де баға¬лайды. Біздің кондитерлік өнім¬дерді өндіруде ең жақсы қоспаны таңдай отырып, жоғары сапа стандарттарын ұста¬намыз. Кілегейден ірімшікке дейін әрбір құрамдас бөлік «Халал» стандарттарына сай қоспаның сапасы кон-дитерлік өнімдердің дәміне тіке¬лей әсер етеді. Біз¬дің ұстаным – жоғары сапа өз жемісін береді, бұл керемет дәмді ғана емес, сонымен қатар әрбір тағамның қауіпсіз және денсау¬лыққа пай¬далы болуы. Біздің рецепт¬терімізде қол-данылатын бар¬лық қоспалар да «Халал» стан¬дарттарына сәйкес ке¬леді, бұл біздің өнімдеріміздің са¬пасы мен қауіпсіздігінің кепілі, – дейді Асхат Байдаулетов.
Кондитерлік цех директо¬рының айтуынша, керемет торт¬ты жасаудың құпиясы оның құрамындағы заттардың сапа¬сында немесе безендірудің күрделілігінде ғана емес, кон¬дитердің көңіл-күйіне де байла¬нысты.
– Кондитер тортты жақсы көңіл-күймен және ықыласпен жасағанда, әрбір процесі, әрбір әрекеті жылулық пен қамқорлыққа толы болса, торт¬тың жақсы шығуына әсер етеді. Есіңізде болса, бала кезіңізде анаңыз құйған шай әрқашан ерекше тәтті және хош иісті болатыны сияқты, сүйіспеншілікпен дайындалған торт дәмінің тәттілігін сезіліп қана қоймай, көңіл-күйіңізді көтеріп, жүрегіңізді жылулықпен толтыру керек. Бұл қарапайым қоспалардан – ұн, қант және жұмыртқаны өнер туындысына айналдыру. Торттың әр қабаты, жеміс-жидек немесе безендіру адамның жан дүниесінде ой¬найтын әуен сияқты. Сондықтан кондитер асүйге кіргенде, оның туындысы тек жарқын эмо¬цияларға толы болуы керек. Дәл осындай торттар ең жарқын естеліктерді есте сақтап, күлімсіреуді және осы тәттіден қайта-қайта дәм татуға асықтырады. Сайып келгенде, торт – бұл бір-бірімізге сыйлайтын мереке, алғыс, «туған күніңмен», «сені жақсы көремін» немесе жай ғана «бар болғаныңа ризамын» деген сөз. Торт сүйіспеншілікпен жасалғанда, шынымен, бір тәтті бақыт үшін әлемді жақсарта алады, – дейді ол.
Кондитерлік цех директоры олардың дәмді тәттілері қазірдің өзінде дәмхана, мейрамханалар мен фуд-корттарда үлкен сұра¬нысқа ие екенін айтып, кәсібін кеңейту жоспары бар екенін айтты.
– Дәмді сәттер біздің кон¬дитерлік өнімдерімізден бас¬талады. Қазірдің өзінде қала¬мыздағы көптеген танымал кафе, мейрамхана мен фуд-корттарға өнімдерімізді ұсынамыз. Алдағы уақытта тұрғындар өзіне ерекше тәттіні таба алатын арнайы кондитерлік дүкен ашу жоспарда бар. Бұл дүкен отбасылар, достар және жоғары сапа мен ерекшелікті бағалайтындардың сүйікті кездесу орнына айналады деген үміттеміз, – дейді Асхат Нұралыұлы.
Қорыта айтқанда, халық¬аралық торт күні тәттіні жақсы көретіндер үшін қуаныш пен мереке күні ғана емес, кон¬дитерлік сала мамандары үшін де айтулы оқиға. Бұл торттың жай ғана тәтті тағам емес, адамдарды жақындастырып, ұмытылмас ба¬қыт пен қуаныш сыйлайтын өнер туындысы екенін еске салады.

София
ХАЙРУЛЛАҚЫЗЫ

 


 

Жылдам ақпарат алу үшін Facebook, Instagram желілері мен Telegram каналымызға жазылыңыз!

Тағы да оқыңыз: