Сейсенбі, 29 шiлде, 18:03

  • Қаз
  • Qaz

Бізге жаңалық
жіберіңіз:

+7(702)932-52-25
Жаңа шығарылым
№ 56, 2169
29.07.2025
PDF мұрағаты

Ауыл аманаты: Кәсіп бастағанға қолдау бар

29.07.2025

79 0

Елімізде халықтың табысын арттыру, ауыл тұрғындарының әл-ауқатын жақсарту мақсатында Мемлекет басшысының бастамасымен 2025 жылға дейінгі «Ауыл аманаты» бағдар­ламасы жүзеге асуда. Бұл бағдарлама өңірде де өз жалғасын тауып келеді. Бағдарламаның басты мақсаты – ауылдағы кәсіпкерлікті дамыту, жергілікті тұрғындарға жаңа мүмкін­діктер ұсыну. Бүгінде бағдарлама аясында өз кәсібін дөңгелетіп отырған жандардың бірі – кәсіпкер Гүлзат Әбілова.

Ол ұзақ жыл мемлекеттік қызметте абыройлы еңбек етіп,  кәсіп бастау үшін тәуекелге бел буады. 

– Өзіме таныс емес салада өзімді сынап көргім келді. Әрине, тұрақты жұмыс та жақсы, бірақ жеке кәсіп ашу одан да жақсы. Сондықтан жаңадан бастап жатқан кәсіпкерлерге айтарым, күмәнға уақыт жоғалтпаңыз, –  дейді кәсіпкер Гүлзат Әбілова.

«Ауыл аманаты» бағдарламасы арқылы жеңілдетілген пайызбен несие алып, өз кәсібін бастап кеткен ол бүгінде құры­лысқа қажетті бірнеше өнім түрін, оның ішінде кірпіш торы, сым секілді құрылысқа қажетті жабдықтарды шығарып отыр.

Кәсіпкер бағдарлама аясында 2,5 пайыздық жеңілдікпен 8 млн 600 мың теңге несие рәсімдеген. Сонымен қатар өндіріс ауқымын кеңейту мақсатында «Қызылорда Өңірлік инвестициялық орталығы» микроқаржы ұйымынан 6 пайызбен 13 млн теңге көлемінде қосымша қаражат алған. Бұл қаражатқа ол жаңа құрал-жабдықтар сатып алып, өндіріс қуатын арттырған.

Бүгінде кәсіпорында 12 адам тұрақты жұмыс істейді. Оның ішінде алты қызметкер арнайы жолдама арқылы жұмысқа орналасқан. Айта кету керек, өндірісте тек ер-азаматтар ғана емес, қыз-келіншектер де  жұмыс істеуде.

– Жұмыс ауыр болғанына қарамастан, бәрі талмай еңбек етеді. Жұмысшылардың  жатын орны, тамағы түгел қамтылған. Арнайы аспаз да бар. Бастысы барлығы тегін, – дейді кәсіпкер.

Ауыл аманаты: Кәсіп бастағанға қолдау бар

Кәсіпкердің кәсібін дөңгелетуге сеп болған «Ауыл ама­наты» бағдарламасы екенін кейіпкердің өзі де атап айтты. Бү­гін­де кәсіпорын өнімді жергілікті құрылыс саласында пайдалануда.

– Сол жақ жағалауда салынып жатқан көпқабатты үйлерге де өнімімізді жеткіземіз. Сұраныс жақсы. Баға нарықтан әлдеқайда төмен, – дейді кәсіпкер.

Өндірісте қолданылатын техниканың да түрі көп. Брусчатка шығаратын құралдың өзі бірнеше санатқа бөлінеді. Әр станокта үш адамнан тұратын бригада жұмыс істейді. Шикізаттың басым бөлігі Шымкент қаласынан әкелінеді екен. Ал құм, тас, цемент сынды негізгі материалдар Шиелі, Жаңақорған ауданынан жеткізіледі.

Кәсіпті бастау бар да, нәтижеге жету бар. Ол жұмыс өндірген өнім сапасы болуы тиіс.

– Расында, жұмыстың ауырлығына қарамастан күн-түн демей еңбек ету екінің бірінің қолынан келе бермейді. Біз үшін ең бастысы – өнім сапасы. Өйткені тұтынушылар тек сыртқы дизайнға, әдемілікке ғана емес, сапасына мән береді. Мәселен, брусчатканың сапасы 2-3 айдың ішінде байқалады. Біз әрдайым сапаға жұмыс істейміз, – дейді Гүлзат Әбілова.

Айдана Бахтияр

 


 

Жылдам ақпарат алу үшін Facebook, Instagram желілері мен Telegram каналымызға жазылыңыз!

Тағы да оқыңыз: