Сейсенбі, 09 желтоқсан, 01:11

  • Қаз
  • Qaz

Бізге жаңалық
жіберіңіз:

+7(702)932-52-25
Жаңа шығарылым
№94 (2206)
09.12.2025
PDF мұрағаты

Ауыл балалары білім сайысына қатысты

09.12.2025

34 0

Астанада ауыл мектептерінің 9–11(12) сынып оқушылары арасында өткен республикалық олим­пиаданың жаратылыстану-математикалық бағыты өз мәресіне жетті. Олимпиада жас таланттарды қол­дауға және ауыл мектептерінің білім сапасын арт­тыруға бағытталған маңызды білім додасы саналады.

Игі дәстүрге айналған бұл олимпиадаға биыл еліміздің барлық өңірінен 475 оқушы қатысты. Қатысушылар математика, физика, химия, биология, география және информатика пәндері бойынша өз білімін сынап, үздіктер анықталды.

Қызылорда облысының оқушылары биыл да жоғары нәтиже көрсетті. Олар жаратылыстану-математикалық бағыт бойынша жалпыкомандалық есепте ІІІ орынды иеленді. Сыр өңірінен барған 38 оқушының 3-еуі – І орын, 8-і – ІІ орын, 7-еуі – ІІІ орынға қол жеткізді. Сонымен бірге бір оқушы ректорлық грантқа ие болды. Бұл – өңірдің білім беру сапасының артып келе жатқандығының айқын көрсеткіші.

Жеңімпаздар мен жүлдегерлерге І, ІІ және ІІІ дәрежелі дипломдар мен медальдар табысталды. Ең үздік нәтиже көрсеткендер еліміздің жетекші жоғары оқу орындарының ректорлық гранттарына ие болды. Ал І дәрежелі диплом иегерлері 2026 жылғы жалпы білім беретін пәндер бойынша республикалық олимпиаданың қорытынды кезеңіне тікелей қатысу құқығын алды. Сондай-ақ барлық финалистер «Дарын» республикалық сырттай мектебінің бағдарламасы бойынша білімін тереңдете алады.

Бір айта кетерлігі, өңірде ауыл мектептерінің олимпиадаға қатысу белсенділігі жыл сайын артып келеді.

 


 

Жылдам ақпарат алу үшін Facebook, Instagram желілері мен Telegram каналымызға жазылыңыз!

Тағы да оқыңыз: