Сейсенбі, 23 шiлде, 11:25

  • Қаз
  • Qaz

Бізге жаңалық
жіберіңіз:

+7(702)932-52-25
Жаңа шығарылым
№58-2068
23.07.2024
PDF мұрағаты

Ауыл кітапханаларына жаңа кітап тарту етілді

13.07.2024

234 0

Мемлекет басшысының Ұлттық құрылтайда жас ұрпақты кітап оқуға баулу қажеттігін айтқаны белгілі. Осыған орай елімізде «Ауыл кітапханашыларына 100 кітап» акциясы басталды.
«Ауыл кітапханаларына 100 кітап» акциясы Әбділда Тәжібаев атындағы облыстық әмбебап ғылыми кітапханасында да өтті. Акция аясында елге белгілі есімдер, қаламгерлер өзінің қаржылай есебінен елді мекендер мен ауыл кітапханаларына кітап тарту етті. Сондай-ақ мемлекет басшысының атынан Арал ауданы, Құланды ауылына, Шиелі ауданы, Сұлутөбе ауылы мен Сырдария ауданы, Нағи Ілиясов ауылдық кітапханаларына кітап табысталса, ҚР Президенті әкімшілігінің басшысы Айбек Дәдебай атынан Қазалы аудандық орталық кітапханасына кітап тарту етілді.
Айта кетейік, кітаптардың ішінде қазақ әдебиетінің үздік туындылары, танымдық-ағартушылық еңбектер, балалар әдебиеті, мектеп бағдарламасында сұранысқа ие авторлардың шығармалары мен өлең жинағы да бар.

Нәзира МҰҚАТАЕВА

 


 

Жылдам ақпарат алу үшін Facebook, Instagram желілері мен Telegram каналымызға жазылыңыз!

Тағы да оқыңыз: