Сенбі, 20 қыркүйек, 03:03

  • Қаз
  • Qaz

Бізге жаңалық
жіберіңіз:

+7(702)932-52-25
Жаңа шығарылым
№71, 2184
19.09.2025
PDF мұрағаты

Ауыл шаруашылығы – ел байлығы! Санаққа қатыс, үлес қос!

20.09.2025

38 0

Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2023 жылғы 29 желтоқсандағы №1248 қаулысымен бекітілген «Ұлттық ауыл ­шаруа­шылығы санағын өткізу жөніндегі іс-шаралар жоспарын» басшылыққа ала отырып, облыста ауыл шаруашылығы сана­ғына байланысты жұмыстар кезең-кезеңімен атқарылуда.

Санақтың негізгі кезеңі 1 тамыз бен 20 қазан аралығында өтетіні жайлы бұған дейін де хабарланған. Санақ онлайн және офлайн кезеңдерінен тұрады.

Санақтың онлайн кезеңі биылғы жылдың 1-31 тамыз аралығында sanaq.gov.kz сайтында онлайн-сауалнама салу арқылы өтті.

Биыл 28 тамызда ҚР Премьер-Ми­нистрі­нің орынбасары – Ұлттық экономика министрі С.Жұманғариннің тө­раға­лығымен өткен Ұлттық ауыл шаруашылығы санағына дайындалу мен оны жүргізу мәселелері жөніндегі арнайы комиссия отырысында,  санақтың онлайн-кезеңін 2025 жылдың 20 қыркүйегіне дейін ұзарту жөнінде шешім қабылданды.

Қызылорда облысы бойынша статис­тика департаментінің тіркеліміне сәйкес, санаққа11 мыңға жуық кәсіпорындар мен шаруа, фермер қожалықтары және жеке кәсіпкерлер қамтылуы тиіс.

Осы тұста, Сыр халқының онлайн режимінде санақтан өту белсенділігі бай­қалып, тамыз айындағы онлайн-санаққа 95,6%  ауылшаруашылық құрылымдары қатысып, жақсы нәтижеге қол жеткізді.

Айта кету керек, жалпы тізімге ұзақ уақыт бойы белсенділігі жоқ, бірақ тіркеуде тұрған кәсіпорындар мен қожалықтар да енгізілген. Сонымен қатар байланыс деректері өзекті емес субъектілер де бар. Бұдан бөлек, кейбір жұмыс бастылығына байланысты санақтан дер кезінде өте алмаған респонденттер үшін қосымша берілген 20 күн олардың маңызды мем­лекеттік науқаннан тыс қалмауына мүмкіндік берді.

Ауыл шаруашылығы саласымен айна­лысатын барлық заңды тұлғалар, шаруа-фермер қожалықтары мен үй шаруа­шылықтары sanaq.gov.kz сайтына электронды цифрлық қолтаңба арқылы кіріп (ЭЦҚ), санақ парақтарында көрсетілген сауалдарға шынайы жауап берулері тиіс. Бұл әдіс өте ыңғайлы, сонымен қатар дерек­терді жинаудың тиімділігі мен сапасын арттыруға мүмкіндік береді.

Респонденттер үшін санақтан онлайн түрде өтуі үшін қолайлы жағдайлар жасау мақсатында облыста 2 кент, 142 ауылдық округ және 2 қала (Арал, Қазалы) әкімі аппараттарында, 7 аудандық статистика бөлімдерінің ғимараттарында интернет байланысымен қамтамасыз етілген «Өзіне-өзі қызмет көрсету» аймақтары ұйымдас­тырылған.

Қазақстан Республикасының «Мемле­кеттік статистика туралы» заңының 21 ба­бының 5 тармағында Ұлттық санақтар жүргізу кезінде респонденттер алғашқы статистикалық деректерді міндетті түрде өтеусіз негізде ұсынатыны көрсетілген.

Ал, офлайн түрінде интервьюерлермен (сұхбатшымен) үй шаруашылықтарын 20 қыркүйектен 20 қазан аралығында аралап, мәліметтерді арнайы планшетке түсіру әдісімен жүргізілетін болады.

Қазіргі таңда, офлайн кезеңге дайындық жұмыстары жүргізілуде. Алдын ала есеп­теулерге сәйкес, облыс бойынша 80 мың­нан аса үй шаруашылықтары араланып, сауалнама жүргізілетін болады. Осы сәтті пайдалана отырып, азаматтарды санаққа саналы түрде қатысуға шақырамын.

Ұлттық ауыл шаруашылығы санағы – Қазақстанның аграрлық секторын және азық-түлік қауіпсіздігін тұрақты дамытуға арналған стратегиялық маңызы бар шара болып табылады. Алынған деректер тиімді мемлекеттік саясат пен барлық деңгей­дегі ауыл шаруашылығы өндірушілерін қолдауға негіз болады. Барлық қатысушы тарапты өздерінің азаматтық ұстанымын танытып, санаққа белсенді түрде қатысуға шақырамыз.

Ауыл шаруашылығы санағына қатысты барлық сұрақ бойынша 1446 байланыс орталығына сағат 9.00-ден 21.00-ге дейін қоңырау шалуға немесе санақ сайтында орналасқан Sanaq myrza чат-ботына жазуға болады.

Сонымен бірге, біз үй шаруашылық­тарын аралап, санақ жүргізу үшін облыс­та жұмыссыз жүрген азаматтар мен студенттер қатарынан, сондай-ақ барлық ниет білдірген азамат санатынан 185-ден астам азаматты интервьюер ретінде жұмысқа тартуды жоспарлап отырмыз.

Интервьюер ретінде санаққа қатыс­қы­сы келетін азаматтар біздің 1446 байланыс орталығына немесе @statgovkz_bot Telegram-ботына өтініш қалдыра алады.

Санақ барысында жинақталған мәлі­меттер Қазақстан Республикасының «Мемлекеттік статистика туралы» Заңының 21-бабына сәйкес, Ұлттық санақтар бары­сында алынған мәліметтер бастапқы статистикалық деректерге жатады және міндетті түрде өтеусіз негізде ұсынылады делінген.

Сонымен бірге аталған заңның 8 бабы 1 тармағында «Алғашқы статистикалық деректер құпия болып табылады және осы баптың 4-тармағында көрсетілген мәліметтерді қоспағанда, оны мемлекеттік статистика органдары тек қана статис­тикалық ақпаратты түзу мақсатында пай­даланады. Мемлекеттік статистика органдары алғашқы статистикалық дерек­терді жинау, өңдеу және сақтау кезінде осы деректердің құпиялылығын қамтамасыз етеді.» делінген.

Осыған орай, респонденттер тарапынан берілген ақпараттар Заңмен қорғалады және мемлекеттік кіріс органдарына және т.б органдарға берілмейтінін атап өткім келеді.

Қайрат Әбсұлтанов,  

Қазақстан Республикасының Стратегиялық жоспарлау және реформалар агенттігі Ұлттық статистика бюросының Қызылорда облысы бойынша департаментінің

 


 

Жылдам ақпарат алу үшін Facebook, Instagram желілері мен Telegram каналымызға жазылыңыз!

Тағы да оқыңыз: