Қызылорда қалалық мәслихатының кезектен тыс XXXXVI сессиясы өтті.
Сессияның күн тәртібінде «2026-2028 жылдарға арналған қалаға қарасты кент және ауылдық ауылдық округ бюджеттерін бекіту», «2025-2026 жылдарға арналған Қызылорда қаласына қарасты кент және ауылдық округтердің бюджеттерін бекіту» Қызылорда қалалық мәслихатының 2024 жылғы желтоқсандағы шешімдеріне өзгеріс енгізу туралы мәселелері талқыланды.
Сессияда қалалық экономика және қаржы бөлімінің басшысы Гүлнар Баймаханова ауылдарға бөлінетін қаржы туралы ақпарат берді.

Бюджет жобасына сәйкес Қызылжарма, Қарауылтөбе, Ақсуат ауылдық округіне жарық шамдар орнатуға, елді мекендерді абаттандыру мен көгалдандыру жұмыстарына, қураған ағаштарды кесуге және аяқсу айдайтын насостарды және спорт алаңдарын күтіп ұстауға бағыттау жоспарланды. Сонымен қатар ауылдық округтерде автомобиль жолдарын салу және реконструкциялауға қаржы бөлінеді.

Сессияның күн тәртібіндегі мәселелерді қарау барысында депутаттар тарапынан бірқатар ұсыныстар айтылды. Талсуат, Қызылөзек, Ақсуат ауылдық округтеріндегі аяқсу мәселесін шешу, қоғамдық көліктердің қатынауын жиілету, «Жол картасы» бағдарламасына енгізілген Белкөл кентіндегі мәдениет үйіне күрделі жөндеу жүргізу мен аяқсу жеткізу мәселесі туралы ұсыныс-пікірлер айтылды. Сондай-ақ мүмкіндігі шектеулі балалардың қоғамдық іс-шараларға қатысуын қамтамасыз ету үшін қаржы қарастыру мүмкіндігі талқыланды.
Думан КЕҢШІЛІК
Жылдам ақпарат алу үшін Facebook, Instagram желілері мен Telegram каналымызға жазылыңыз!