Қазақстанда вирустық гепатиттерге шалдығуды азайту мақсатында 18 жастан асқан адамдардың арасында В және С гепатиттерін анықтауға толық скрининг жүргізу жоспарланып отыр. Бұл туралы денсаулық министрлігі мәлімдеді.
В және С вирустық гепатиттерімен инфекцияны ерте анықтау жөніндегі пилоттық бағдарламаны іске асыру қорытындылары, сондай-ақ ауруды төмендету жөніндегі іс-шараларды іске асыру жөніндегі одан арғы қадамдар денсаулық сақтау министрі Ақмарал Әлназарованың ауруларды талдау орталығы (CDAF) қорының директоры доктор Хоми Разавимен кездесуі барысында талқыланған.
ДДҰ-ның 2030 жылға дейінгі вирустық гепатиттерді жою бағдарламасының негізгі және маңызды мақсаттарының бірі – оларды уақытылы диагностикалау.
В және С вирустық гепатиттері негізінен жасырын (асимптоматикалық) болғандықтан, 65% жағдайда олар цирроздың немесе бауыр обырына әкеледі. Бұл оны жұқтырған халықтың өліміне және мүгедектігіне себеп болады. Сондықтан инфекция тасымалдаушыларын ерте сатысында анықтауды және емдеуді қамтамасыз ету маңызды. Себебі олар айналасындағылар үшін вирустық гепатит көзі болып саналады.
Жылдам ақпарат алу үшін Facebook, Instagram желілері мен Telegram каналымызға жазылыңыз!