Сенбі, 04 сәуiр, 01:35

  • Қаз
  • Qaz

Бізге жаңалық
жіберіңіз:

+7(702)932-52-25
Жаңа шығарылым
№24 (2236)
04.04.2026
PDF мұрағаты

Бәрі де кішкентай қадамнан басталады

04.04.2026

27 0

Фото: ЖИ арқылы жасалған

Қымбатты жас дос! Бүгін қоршаған ортаны қорғау туралы ой қозғағым келеді. Бұл тек ғалымдардың немесе мамандардың емес, бәріміздің ортақ міндетіміз. Қуантарлығы, бүгінгі жасөспірімдер табиғатты қорғауға арналған көптеген қызықты жоба ұсынып жүр. Жас зерттеушілермен танысып, оның ізденісіне ерекше сүйсіндім.

Жас зерттеушілер суды үнемдеу жолдарын нақты тәжірибе арқылы көрсетуді мақсат еткен екен. Олардың жұмысының басты түйіні өте қарапайым әрі маңызды. Суды үнемдеу арқылы ысырапты азайтуға болады. Күнделікті тұрмыста біз суды көп пайдаланамыз, бірақ оны үнемдеудің қарапайым тәсілдеріне жиі мән бере бермейміз. Ал шын мәнінде, суды ағысын сәл үнемдеу немесе қар суын ұтымды пайдаланудың өзі үлкен нәтижеге бастайды. Бұл кішкентай әрекет болғанымен, үлкен жауапкершіліктің белгісі.

Мәселеге үңілсек, таңғаларлық деректер көп. Мысалы, Жер шарының шамамен 71 пайызы су болғанымен, соның 96,5 пайызы мұхиттардағы тұзды су екенін білесіз бе? Ал бізге өмірлік қажетті тұщы су бар болғаны 2,5 пайызды ғана құрайды. Оның өзінде тұщы судың басым бөлігі адам жете алмайтын мұздықтарда және жер астында сақталған. Адам күнделікті пайдаланып жүрген өзен-көл сулары бүкіл планетадағы су қорының аз ғана бөлігі.

Бұған қоса, қазіргі таңда әлемде 2,1 миллиард адам ауызсуға толық қол жеткізе алмай отыр. Бұл су мәселесінің тек табиғи ресурс емес, адам денсаулығы мен өмір сапасына тікелей әсер ететін жаһан­дық мәселе екенін көрсетеді. Сондықтан суды үнемдеу, оны лас­тамау – әрқайсымыздың азаматтық пары­зымыз.

Оқушылар өз жобаларында су үнемдеуге болатынын дәлелдеген. Осындай бастамалар балаларды тек ізденуге емес, табиғатқа жанашыр болуға тәрбиелейді. Бүгінгі кішкентай зерттеу ертеңгі үлкен экологиялық сананың бастауы екені анық.

Ендеше, жас дос, табиғатты қорғау үлкен істен емес, күнделікті әдеттен басталатынын ұмытпайық. Суды босқа ағызбау, суды ысырап етпеу, айналаны таза ұстау  бұлардың бәрі болашаққа қосқан үлесің.

Редакциядан

 


 

Жылдам ақпарат алу үшін Facebook, Instagram желілері мен Telegram каналымызға жазылыңыз!

Тағы да оқыңыз: