Жексенбі, 24 қараша, 17:28

  • Қаз
  • Qaz

Бізге жаңалық
жіберіңіз:

+7(702)932-52-25
Жаңа шығарылым
№93 – 2103
23.11.2024
PDF мұрағаты

Балалар қайда демалады?

13.07.2024

321 0

Күннің ыстығы шекеңді тесіп өтердей. Ауық-ауық ауа райы көрсеткішін қараймыз. Мүмкін емес. Апыр-ай, мынауыңыз қырық емес, 60-тың үстіне шыққан жоқ па осы?! «Жазғы демалысқа шыққан балалар не істеп жатыр екен» деп ойланды еңбек демалысындағы мұғалім.
Таяуда қала әкімі шаһардағы педагогтардың басын қосқан жиында балалардың жазғы демалысын тиімді ұйымдастыру, суға түсу маусымы кезінде жағажайларға демеушілік көзінен балаларды суға түсіруді ұйымдастыру керегін тапсырған еді. Әйтсе де көп жерде канал бойында қолына таяғын ұстап рұқсатсыз жерге шомылған балаларды қуалаған мұғалімнің көрінісі әлі де бар. Расымен, балалардың жазғы демалысы қалай ұйымдастырылуда? Осы тақырыптың жай-жапсарына қанығып көрдік.
Қалаға қарасты 57 мектепте 1-28 маусым аралығында екі ауысымда күндізгі тынығу лагерьі ұйымдастырылыпты. Орта мектеп базасында жасақталған бұл демалыс орындарында 2254 оқушы тынықты. Мұнан бөлек те бірқатар, демалыс орындарында арқаланып, тынығуға кеткен балалар уақытын тиімді өткізді.
«Қаладағы 9 мектепте киіз үй лагерьлер (этно лагерь) ұйымдастырылып, онда 305 оқушы, 8 мектептегі шатырлы лагерьлерде 1291 оқушы тынықты. Аула клубтарында – 3613 оқушы, экскурсия, музейге және саяхатқа – 8439 оқушы, 5 мектептегі археологиялық лагерьде – 793 оқушы демалды. Оған қоса, 17 мектепте күндізгі спорттық лагерьлер ұйымдастырылып, ол жақта 1110 оқушы демалды. Тағы бір айта кетерлігі, білім бөліміне қарасты оқушылар үйі және өнер мектебінде жазғы үйірмелерде 3905 оқушы талабын шыңдаса, дебаттық лагерь бойынша 1423 оқушы қабілетін арттырды. Сонымен қатар сыртқы лагерьге барған бала саны – 1464, көркейту, көгалдандыру лагері бойынша 4121 бала тер төкті. Еңбекпен қамтып, өз нанын өзі табуға ұмтылған 83 оқушы озып тұр. Кәсіподақтың көмегімен жіне демеушілікпен баратын бала саны 323-ке жетті. Облыстан тыс лагерьлерде 1417 оқушы демалуда. Ата-анасымен бірге 30972 оқушы әртүрлі демалыс орындарына, басқа да қалаға демалысқа шығады», – дейді қалалық білім бөліміндегілер.
Айта кетейік, Қазақстан Республикасы Оқу-ағарту министрінің тапсырмасына сәйкес ауыл балаларына арналған «ОH ЖАЗДЫҚ ЖОЛДАМА – 2024» қоғамдық маңызды жобасы «Қазақстан Халқына» қоғамдық әлеуметтік қорының демеушілігімен Түркістан облысының Төле би ауданына қарасты Біркөлік ауылындағы «Қуаныш» лагеріне Қызылорда қаласынан l кезең бойынша 100 оқушы жөнелтілсе, II кезең бойынша да осынша шамадағы шәкірт тынығуға барды. Ал III кезең бойынша 130 оқушы тынығып келді. IV кезеңде – 150 оқушы, V кезең – 150 оқушы, ал VI кезең бойынша 200 оқушы жіберу жоспарланып қойды.
Жазғы сыртқы тынығу лагеріне жалпыға бірдей міндетті оқу қоры есебінен Қызылорда қаласы бойынша Жаңақорған ауданындағы Талдысу лагерінің 1-кезеңіне басқа аудан оқушылары барды. Қалалық оқушылардың еншісіне ІІ кезеңнен мүмкіндік бұйырып, 20 оқушы демалып келді. Осы кезде 3-кезеңде 253 оқушы тынығып жатыр. Мұнда жалпы 6 кезең бойынша 1473 бала демалады деп күтілуде.
Әлбетте, жазғы демалыс кезінде көшенің бұзақы балаларына айналмауы үшін оларды спорттық үйірмелерге беріп, жазғы тынығуға барып келген соң еңбектенуге де үйрету керек. Міне, сонда ғана қолына балға ұстап, шеге қаға алатын баланы қалыптастыра аламыз.

Дәулет ҚЫРДАН

 


 

Жылдам ақпарат алу үшін Facebook, Instagram желілері мен Telegram каналымызға жазылыңыз!

Тағы да оқыңыз: