Сырдың сол жағалауынан салынған 60 пәтерлік тұрғын үй пайдалануға берілді. Салтанатты жиынға қатысқан облыс әкімі Нұрлыбек Нәлібаев әлеуметтік осал топ санатындағы отбасыларға пәтер кілтін табыстады. Рәсімге Парламент Сенаты мен Мәжілісінің депутаттары Наурызбай Байқадамов, Мұрат Әбенов, Мархабат Жайымбетов, облыстық мәслихат төрағасы Мұрат Тілеумбетов, құқық қорғау органдарының басшылары, зиялы қауым өкілдері мен қала тұрғындары қатысты.
– Соңғы үш жылда қаржыландырудың барлық көзінен 2 млн 500 мың шаршы метр тұрғын үй пайдалануға берілді. Кезекте тұрған халықтың әлеуметтік осал топтарына 4 мыңға жуық пәтер, жалғыз баспанасы апатты деп танылған азаматтарға пәтерлер сатып алынып, 9 мыңға жуық отбасы үйлі болды. Биыл ұлтымыздың тарихи «Қазақ» атауының қайтарылғанының, Қызылорданың Қазақ елінің астанасы болғанының 100 жылдығы кең көлемде аталып өтуде. Мерейлі жыл аясында сәулеті келіскен әсем де замануи ғимараттар бой көтеріп, ел игілігіне айналуда. Бюджеттен тұрғын үй құрылысы мен жеке салушылардан дайын пәтерлер сатып алуға 50 млрд теңге бөлініп, 2 765 пәтер табысталады, – деді облыс әкімі.
«Ақмешіт-ақпарат»
Жылдам ақпарат алу үшін Facebook, Instagram желілері мен Telegram каналымызға жазылыңыз!