Сенбі, 01 ақпан, 03:54

  • Қаз
  • Qaz

Бізге жаңалық
жіберіңіз:

+7(702)932-52-25
Жаңа шығарылым
№8, 2121
01.02.2025
PDF мұрағаты

Басты мақсат – салық түсімін ұлғайту

01.02.2025

45 0

Аты бар да заты жоқ үкіметтік емес ұйымдарды тізімнен шығару керек. Өйткені олардан салық та түспейді. Ал салық – қаржы қазанын толтыруға сеп. Бұл мәселе қала әкімдігінде өткен жиында айтылды. Қала бюджетінің игерілуі, салық базасының ұлғаюы және макроэкономикалық көрсеткіштердің орындалуы да жиын тақырыбына арқау болды.

Қала бюджеті жыл басында 58,2 млрд теңгемен бекітіліп, жыл аяғында 112,7 млрд теңгеден асты. Бұдан өткен жылмен салыстырғанда 18,4 пайызға өскенін көруге болады. Қазіргі таңда мұнай өнеркәсібінің өнімділігі азаюына өнеркәсіпті дамыту көзделуде.

Атап айтсақ, өңдеу өнеркәсібіндегі өнім көлемі  108,9 пайызға, инвестициялар тарту  119,0 пайызға, құрылыс жұмыстарының көлемі 159,7 пайызға артса пайдалануға берілген тұрғын үйлердің көлемі 115,4 пайызға,  ауыл шаруашылығының жалпы өнімі,  101,3 пайызға, ал сауда көлемі  105,7 пайызға көтерілген.

­­­­­ – Салық базасын ұлғайту өңір экономикасы үшін аса маңызды. Қала бюджеті жыл басында 58,2 млрд теңгемен бекітіліп, жыл аяғында 112,7 млрд теңгеден асты. Осылай  өткен жылмен салыстырғанда 18,4 пайызға өсті. Әлеуметтік-экономикалық даму бағытында да жақсы көрсеткіштерге қол жеткізе алдық. 2025 жылдың 1 қаңтарындағы көрсеткіш бойынша Қызылорда қаласы бюджетінің өз кірістері 37,9 млрд теңгеге орындалды. Есепті мерзімде қаламыздың барлық макроэкономикалық көрсеткіштерінде өсім қалыптасты. Әлеуметтік-экономикалық даму бағытында да жақсы көрсеткіштерге қол жеткізе алдық. Ал бюджет игерілуі 99,9 пайызды құрады. Әйтсе де алға мақсат қойып, мұнан да биік межеге жету керек, – деді қала әкімінің міндеті атқарушы Ғалымжан Еркебай.

         Думан Кеңшілік

 


 

Жылдам ақпарат алу үшін Facebook, Instagram желілері мен Telegram каналымызға жазылыңыз!

Тағы да оқыңыз: