Бейсенбі, 15 мамыр, 19:30

  • Қаз
  • Qaz

Бізге жаңалық
жіберіңіз:

+7(702)932-52-25
Жаңа шығарылым
№35,2148
13.05.2025
PDF мұрағаты

Батырды еске алды

10.05.2025

24 0

Қай заманда да елін, жерін қорғаған ерлердің есімі халық жадында мәңгі сақталады. Отан үшін от кешкен, бейбіт күннің баянды болуына үлес қосқан ардагерлерге тағзым ету – бүгінгі ұрпақтың перзенттік парызы. Осы орайда Қызылорда қаласындағы №9 мектеп-лицейінде Кеңес Одағының батыры Нағи Ілиясовты еске алуға арналған тағылымды кеш өтті.

Жиынға Нағи Ілиясовтың қызы Алмагүл Нағиқызы мен ұлы Болат Нағиұлы қатысты. Батырды еске алу мақсатында кітаптарынан үзінділер оқылып, арнайы бейнематериал көрсетілді. Сондай-ақ батырдың құрметіне жазылған «Нағи ата» әні шырқалды.

– Менің әкем тек соғыс батыры болған жоқ, еңбек майданында да батыр болды. Ол Қазақ СССР 50 жылдығы атындағы совхоздың ашылуына өз үлесін қосып, сол жерде директорлық қызмет атқарды. 1975 жылы  «Қайнар» баспасында басылып шыққан «Совхоз фабрика риса» атты еңбегі – әкемнің елге сіңірген еңбегінің айғағы. Осы кітапты өңдеп, қайтадан басып шығарып, бірнеше данасын осы мектептің кітапханасына тарту еттім. Бұл – осы бағытқа қызығатын ұрпақ оқысын, білсін және өткенге тағзым болсын деген ниетім, – деді Алмагүл Нағиқызы.

Қазақ тілі мен әдебиеті пәнінің мұғалімі Нұрсәуле Қосымбайқызының жетекшілігімен қолға алынған «Нағитану» жобасының тұсауы кесілді. Бұл бастама жас буынның тарихи санасын қалыптастырып, елге еңбегі сіңген тұлғалардың өмір жолын үлгі етуге бағытталған.

Нұржан НҰҒЫМАДИЛЛА,

Қорқыт ата атындағы

Қызылорда университетінің студенті

 


 

Жылдам ақпарат алу үшін Facebook, Instagram желілері мен Telegram каналымызға жазылыңыз!

Тағы да оқыңыз: