Дүйсенбі, 09 маусым, 03:32

  • Қаз
  • Qaz

Бізге жаңалық
жіберіңіз:

+7(702)932-52-25
Жаңа шығарылым
№41 -2154
03.06.2025
PDF мұрағаты

Батырға құрмет

26.04.2025

464 0

Мемлекет басшысы «Ана тілі» басылымына берген сұхбатында Әлия мен Мәншүк және Хиуаз Доспанованың өшпес ерлігін санада жаңғыртып, ұлы жеңістің мән мағынасын түсіну керегін айтқан еді. Шығыстың қос шынарының ерлігін дәріптеу еш толастамайтыны белгілі. Осыған орай Мәншүк Мәметова атындағы жоғары колледжінде жастарға арналған патритоттық форум өтті. Республикалық көлемде ұйымдастырылған шара «Жастық жалынымыз – сүйікті Отанымызға» деген ұранмен басталды.

1932 жылы іргесі қаланып 1952 жылы Мәншүк Мәметованың есімін иеленген жоғары колледж 12 мамандық бойынша тәлім береді. 73 жыл батыр қыздың атындағы колледж сындарлы сәттерден сүрінбей өтіп, жеңістің 80 жыл­дығын тойлады. Оқу орнының сапасы материалдық техникалық базасы мен оқытушылардың біліктілігіне байланысты екшеленді. Сыртқы келбеті әсем архи­тектуралық үлгіде жаңғыртылған оқу ғимаратында замануи техникалармен жабдықталған дәрісхана мен зертхана бар. Кітапхана, әскери спорт кешені, би залдары студенттерге қызмет етуде.

Республикалық жастар форумы аға буынның жанқиярлық ерлігін бағалап, тарихты құрметтеуге үндеді. Мәншүктің батырлық болмысы, ғибратты ғұмыры арқылы студент жастарды ерлікке тағзым жасауды мақсат еткен шара жастарды отансүйгіштікке тәрбиелейді. Форум аясында 2011 жылдан бері дәстүрге айналған «Мәншүк маршы» көпшіліктің жігерін қайрады. Тек қана қыздардан құралған маршқа 500-ден аса студент қыздар қатысты. Арнайы шара Достық үйінде жалғасын тауып, қатысушылар зерттеу жұмыстары мен жобаларын ұсынды. Форумда сөз алған облыс әкімінің орынбасары Шахмардан Байманов тағы­лымды жиынның ашылуымен құттықтап аймақ басшысының республиканың әр өңірінен келген қонақтарға ризашылы­ғын жеткізді.

– Орта Азия халықтары ішінен жарып шыққан Әлия мен Мәншүктің өшпес ерлігі тарихта алтын әріптермен жазылды. Батыр қыздың ерлігі ұрпаққа өнеге. Қаладағы Мәншүк Мәметова атындағы жоғары колледжі білікті педогог­тар дайындайтын облыстағы танымал білім шаңырағына айналды. Жеңіс күні қарсаңында өткен батыр қызды дәріптеу шарасы жастарды отаншылдыққа тәр­биелейді деген сенімдемін. Майдангер рухына арнап 500-дан аса қыздар сап түзеді, – деді ол.

Жастардың отансүйгіштігі тек май­дан даласында емес бейбіт күнде елге адалдығымен көрінеді. Оқу ағарту министрінің кеңесшісі Қадірбек Бөрібеков Отан үшін жан қиған батырлардың ерлі­гін дәріптеген жастарға ризашылын жеткіз­ді. Мұндай келелі істерді көріп өскен бүгінгі жас ертең білім ордасындағы оқушыға тәрбие ретінде көрсететін айтты. Әр оқу орнын жастар тәрбиесіне оң әсер ететін шараларды қолға алу керек екенін тапсырды.

Достық үйінде өткен пленарлық мәжі­ліске қатысушылар бабалар ерлігін дәріптеуге байланысты баянадамалар оқыды. Сонымен қатар Ақтөбе облы­сынан келген Әлия тәрбие беру орталы­ғының басшысы Бағдаш Тупенова Әлия Молдағұлова есімін иеленген №173 мектепке арнайы жылжымалы көрме ала келгенін айтты.

– Есімі қатар аталатын қос шынар Әлия мен Мәншүк қазақ еліне ортақ батырлар. Осы бабалардың есімін насихаттауға көше де, мектеп, аудан, ауыл аттары берілуде. Колледждің материалдық-тех­никалық базасымен танысқан біз оқу орнының өркендеп жатқанын байқадық. Бұл білім ордасы батыр Мәншүктің атына кір келтірмейтініне көзіміз жетті, – деді ол.

Өткенге құрмет болашаққа сенім ар­қылы жеңіс күнінің маңызы мен рухын сақтап қала аламыз. Форумға 2000-ға жуық адам қатысып, әр өңірден педогогикалық маман даярлайтын 11 колледжінен 80-ге жуық мұғалім келді. Ал аймақтағы 27 колледжден 100-ге жуық адам қатысты. Шараға қатысушылар «Анаға тағзым» орталығына экскурсия жасады.

Республиканың әр өңірінен келген қонақтар Мәншүк Мәметова атындағы жоғары педагогикалық колледжі дайын­даған «Батыр Мәншүк» атты қойылымды тамашалады. «Medet production» ұсын­ған көпформатты перформансқа 140-тан астан колледж студенттері мен оқытушылары атсалысқан. «Мәңгілікке маздаған қыршын ғұмыр» мен «Звездный час Маншук» кітаптарының желісімен дайындалған қойылымды көруге 700-ге жуық көрермен қатысып, Нартай Бекежанов атындағы драма театры лық толды. 21 моншақты қайта тізген қойылымда соғыс зұлматынан үзіліп түскен ерлік пен өнегеге толы 21 жылдың нәзік те әсем жылдары көрсетілді. Ұлы ерлік иесінің қыршын ғұмыры армандар мен үмітке толы жылдар баяндалды. Шын аты Мәнсия болғанымен бала кезінде оны Моншақ деп атап, алайда ресми емес Мәншүк аты кең тарады. Осы есіммен тарихта, әдебиетте, құжаттарда қалды.

Бірде Аянат атты кішкентай қыз саябақта анасымен келе жатып Мәншүк Мәметова ескерткішінің алдына аял­дайды. Ескерткіш айналасында моншақта тізбектелген 21 көше шамдары өзінің сырлы тарихын баяндауға әзір тұрған еді. Анасы айтқан әңгіме әсеріне бөленген Аянат ескерткішке жалғыз оралады. Моншақтардың бірі кішкентай Аянатты 1942 жылға алып кетіп, Мәншүкті өз көзімен көреді.

Бейбітшілік пен еркіндік – біздің басты құндылығымыз. Батырлардың қаһарман ерлігі санамызда жарқырап, рухани темірқазыққа айналды. Мәншүк атты жұлдыз есімі ешқашан сөнбей, ғасырлар бойы ерлік пен қайсарлықтың символы боп жадымызда сақталады.

Думан КЕҢШІЛІК

 


 

Жылдам ақпарат алу үшін Facebook, Instagram желілері мен Telegram каналымызға жазылыңыз!

Тағы да оқыңыз: