Сенбі, 16 тамыз, 03:14

  • Қаз
  • Qaz

Бізге жаңалық
жіберіңіз:

+7(702)932-52-25
Жаңа шығарылым
№61,2174
16.08.2025
PDF мұрағаты

Бауырына бүйрегін берді

16.08.2025

47 0

Қызылорда облыстық көпбейінді ауруханасында бір күнде екі науқасқа бүйрек трансплантациясы жасалып, сәтті өтті.

1979 жылы дүниеге келген әйелге өзінен үш жас үлкен туған ағасы донор болған. Ал екінші трансплантацияны 1978 жылы туған ер адамға жасаған. Науқасқа егіздің сыңары, ағасы бүйрегін берген.

Отаны «А.Н.Сызғанов атындағы Ұлттық ғылыми хирургия орталығы» АҚ, «Бүйрек трансплантациясы, урология және нефрология» бөлімшесінің меңгерушісі Ислам Мададов жетекшілік еткен трансплантологтар командасымен бірге, көпбейінді облыстық аурухананың бас дәрігерінің хирургия жөніндегі орынбасары, PhD Ербол Серікұлы жасады. Науқастардың жағдайы орташа, тиесілі ем қабылдауда.

Былтыр аймақтағы осы ауруханада бүйрекке 6 трансплантация жасалған. Ал биыл Сыр медицинасында алғаш рет бауыр ауыстыру отасы жасалды. Сонымен қатар жақында осы ауруханада жүрекке ашық ота жасаған. Бұл аймақтағы дәрігерлердің біліктілігін, Сыр медицинасының дамуында серпін бар екендігін көрсетеді.

 


 

Жылдам ақпарат алу үшін Facebook, Instagram желілері мен Telegram каналымызға жазылыңыз!

Тағы да оқыңыз: