Сейсенбі, 17 маусым, 14:12

  • Қаз
  • Qaz

Бізге жаңалық
жіберіңіз:

+7(702)932-52-25
Жаңа шығарылым
№44, 2157
17.06.2025
PDF мұрағаты

Бауыржан Жәдігеров, Қызылорда қалалық ветеринариялық станциясының басшысы: Аурудың алдын алу –  ең маңызды іс

17.06.2025

77 0

Қазақ «малымжанымның, жанымарымның садағасы» деген ел. Елдегі төрт түліктің санында өсу бар ма?

– Бұл сандарды сөйлететін сұрақ екен. Мысалы, биылғы 1 маусымда­ғы ақпараттық жүйеде 74,7 мың бас ауыл шаруашылығы жануарлары тіркелген. Оның ішінде 24,3 мың басы – мүйізді ірі қара, 30,9 мыңы – уақ мал, 16,2 мың басы жылқы болса, 2,7 мың басы – түйе. Сондай-ақ 411 бас шошқа тіркелген. Бұл – біздің өңір үшін аз сан емес. Айта кетейік, ауыл шаруашылығы жан­уарларын бірдейлендіру жұмыстары тұрақты түрде жүргізіліп, ақпараттық жүйеге енгізіліп отыр. Қазіргі таңда 2025 жылдың 21 сәуірінен бастап ҚР АШМ ВБжҚК-нің «Ауыл шаруашылығы жан­уарларын бірдейлендіру» ақпараттық жүйесінен «Төрт түлік» бағдарламасы іске қосылды. Ол мал иелері өз ауыл шаруашылығы жануарларын өздері бақылайды, сатқан кезде өздері есептен шығарады және есепке тіркейді. «Төрт түлік» бағдарламасы смартфон ұялы телефондарына жазылады. Бұл бағдарлама мал иелеріне ветеринар дәрігерлерге келмей-ақ есептен шы­ғаруға мүмкіндік береді. Ал шыққан жануарлар ветеринар дәрігердің компь­ю­теріне хабарлама болып түсіп тұрады.

Әңгіме ауаны мал санына келгенде биылғы санақ ойға келеді. Дайындық қалай? Сіз басқарып отырған мекемеде жұмыс қалай жүріп жатыр?

– Иә, өздеріңізге мәлім, биыл ауыл шаруашылығы жануарларына санақ жүргізіледі. Осыған байланысты халық арасында ағарту жұмыстары кеңінен қолға алынған. Бұл науқанға біздің де қосар үлесіміз мол екені анық.

Ағарту жұмысы дегенде ойға түседі. Халық тарапынан кейде малына вакцина егуге, қан алуға қарсы болатындар бар. Мұндай мәселелерді қалай шешесіздер?

– Биыл қала көлемінде аурудың алдын алу, эпизоотиялық тұрақтылық­ты сақтау мақсатында аса қауіпті 11 түрлі жұқпалы ауруларға республика­лық бюджет есебінен 275 мың доза вете­ринариялық препараттар қаралып отыр. Қазіргі кезде 5 айлық жоспар бойынша 95,4 мың доза ветеринариялық препараттары ауылдық округтер мен кент­тер бойынша жоспарға сәйкес алдын ала егу жұмыстары жүргізілді. Қазіргі күні қала бойынша эпизоотия­лық жағдай тұрақты. Алайда халық арасы­нан қан алу, вакцина егуге қарсы болатын жағдайлар кездескен жоқ. Кездескен жағдайда ағарту, түсіндіру жұмыстары жүргізіледі.

Төрт түліктің кәдеге асатыны анық қой. Қазір халық өздері хабарласып, ауырып тұрған малын да емдетіп жатады. Елдің көзі ашық. Біздің жұ­мысымыз да ел игілігі жолында. Сон­дықтан халық біздің жұмысымызға қарсы болмайтынына сенемін.

– Сұхбатыңызға рахмет.

Бауыржан Жәдігеров, Қызылорда қалалық ветеринариялық станциясының басшысы: Аурудың алдын алу – <strong> </strong>ең маңызды іс

Әңгімелескен Дәулет ҚЫРДАН

 


 

Жылдам ақпарат алу үшін Facebook, Instagram желілері мен Telegram каналымызға жазылыңыз!

Тағы да оқыңыз: