Сейсенбі, 25 наурыз, 17:08

  • Қаз
  • Qaz

Бізге жаңалық
жіберіңіз:

+7(702)932-52-25
Жаңа шығарылым
№21,2134
23.03.2025
PDF мұрағаты

Бек Қази, бағдарламашы, ойын әзірлеуші: Бәйгені цифрлы ойынға айналдыру арқылы ұлттық спортты насихаттағым келеді

23.03.2025

418 0

Ұлттық ойындарқазақ халқының мәдени мұрасы, ұлттық рухтың көрінісі. Технологияның қарқынды дамуы бұл ойындарды жаңа форматта ұсынып, жастарға тиімді етуге мүмкіндік береді. Цифрлық әлемде ұлттық спорт түрлерін жаңғыртужаңа буынның дәстүрге деген қызығушылығын арттырудың тиімді жолы. Осы орайда біз аймақта ұлттық ойынды цифрландырып жүрген Бек Қази Ғалымжанұлымен сұхбаттасып, оның «Бәйге» ойыны мен ойын индустриясындағы тәжірибесі жайлы әңгімелестік.

Ойын жасаудағы тәжі­рибеңіз жайлы айтып өт­сеңіз.

– ІТ және ойын жасау саласында 7 жылдан астам уақыт жұмыс істеп келемін. Осы жылдар ішінде бірнеше жоба жасап, түрлі платформаларда тәжірибе жинақтадым. Бастапқыда қарапайым мобильді ойындардан бастадым, кейінірек «Unreal Engine» сияқты күрделі платформаларда жұмыс істеуді меңгердім.

– «Бәйге» ойынының идея­сы қалай пайда болды?

– Бір күні фильм көріп отырғанымда, оның ішінде көптеген компьютерлік гра­фика қолданылғанын байқадым. Осы сәтте өзіме «Мен 24 сағатта не істей аламын?» деген сұрақ қойдым. Қазақтың ұлттық спорты – бәйгеден шабыт алып, мұны цифрлық ойынға айналдыруға кірістім. Осылайша, 24 сағат ішінде «Бәйге» ойыны пайда болды.

Ойынның негізгі мақ­саты мен аудиториясы қандай?

– Бастапқыда ойын тек уақыт өткізу үшін жасалды. Бірақ оны аяқтағаннан кейін, оны Google Playге жариялауға шешім қабылдадым. Қазіргі уақытта ойынды кез келген адам ойнай алады. Google Playде жас шектеуі +3 деп белгіленген, яғни балалар да, ересектер де ойнай алады.

Ойын қандай жанр­ға жатады және қай плат­формаға арналған?

– Бұл пиксельді аркадтық жанрдағы мобильді ойын. Ол «Android» құрылғыларына арналған және оны кез келген адам тегін жүктей алады.

– Жобаны іске асыруда қандай технологиялар мен платформалар қолданыл­ды?

– Ойынның негізгі гейм­плейін жасау үшін «Unreal Engine», ассеттерді іздеу үшін «Itch.io», UI дизайнын әзірлеу үшін «Figma», ал дизайндағы кемшіліктерді түзету үшін «Adobe Photoshop» қолда­нылды.

– Ойынның басты ерек­шеліктері қандай? Бәйге жа­рысы қалай көрсетілген?

– 24 сағат ішінде толыққанды жарыс симуляторын жасау қиын болғандықтан, ойын қарапайым, әрі қызықты болуға бағытталды. Ойында ойыншылар аттың кейбір параметрлерін жақсартып, түрлі деңгейлерде жарысуға мүмкіндік алады. Әр деңгейде мәреге дейінгі қашықтық өзгеріп отырады.

– Ойынды жасау бары­сында қандай қиындықтар болды?

– Аса қиындық болған жоқ. Бастапқыда уақыт шектеулі болғандықтан, толыққанды функционалды ойын жасауға мүмкіндік болмады. Бірақ бұл жоба өзім үшін үлкен тәжірибе.

– Ойын қашан және қай платформаларда ресми түр­де жарық көреді?

– Қазіргі уақытта жобаға тағы да түзетулер енгізілуде, жақын арада ол Google Play-де пайда болады.

– Ойын тегін бе, әлде ақылы ма? Сатып алу мүм­кіндігі бар ма?

– Ойын тегін. Ішінде сатып алу жүйесі жоқ, тек жарнама жүйесі енгізілген.

– Болашақта жаңа функ­циялар қосу жоспарыңызда бар ма?

– Иә, болашақта осындай ойындарды көбірек жасап, өз ойын студиямды ашқым келеді. Білікті мамандарды жинап, ірі жобалармен айналысуды мақсат етіп отырмын. «Бәйге» ойынына да жаңартулар енгізіп, ұлттық нақыштағы элементтерді толықтырып, оның геймплейін жетілдіру жоспарда бар.

– Ұлттық спорт түрлеріне негізделген жаңа ойындар жасауды жоспарлайсыз ба?

– Қазақстанды әлемге таныту үшін бірнеше жаңа жобаны іске асыру ойымда бар. Келешекте асық ату, көкпар секілді ойындарды цифрлық форматқа енгізуге болады деп ойлаймын.

– Жастарға айтар кеңе­сіңіз қандай?

– Менің ұстанымым – тоқтап қалмай, үнемі даму қажет. Жастарға айтарым: өз ісіңізді ақша үшін емес, жүрек қалауымен жасаңыз. Егер іске жан-тәніңізбен берілсеңіз, табыс өздігінен келеді.

– Сұхбатыңызға рахмет!

Сұхбаттасқан

София Хайруллақызы

 


 

Жылдам ақпарат алу үшін Facebook, Instagram желілері мен Telegram каналымызға жазылыңыз!

Тағы да оқыңыз: