Сенбі, 25 қазан, 02:23

  • Қаз
  • Qaz

Бізге жаңалық
жіберіңіз:

+7(702)932-52-25
Жаңа шығарылым
№81, 2193
25.10.2025
PDF мұрағаты

Білім мен ғылымның ордасы

25.10.2025

46 0

Әл-Фараби атындағы Қазақ  ұлттық  университеті білім мен ғылымды ұштастыра жүріп жеткен жетістіктерімен QS рейтингі бойынша әлемдегі Топ-200 ЖОО-ның қатарындағы  үздік  150 жоғары оқу орындары құрамына қосылды. Құрамында 16 факультет, 100-ден аса кафедра, 20 ғылыми-зерттеу орталықтары бар университетте кез келген білімгер өзінің болашағын айқындап, алдына нақты мақсат қоюда. Негізінде университеттің жобалары студенттік өмірдің қызықты және де мағыналы өтуіне үлкен мүмкіндік тудырады  

Бүгінгі кезде бәсекеге қабілетті  «Мемлекеттік және жергілікті бас­қару» мамандықтарын даярлауға оқу орнымыздың деңгейі жоғары болуына және білімгерлердің жан-жақты білім алуына отандық және шет елдік ғалымдар еңбектенуде.  Алыс  шет елдердің университеттерімен: АҚШ, Индонезия, Испания, Италия, Малайзия, Нидерланды, Польша, Португалия, Түркия, Ұлыбритания,  Финляндия, Франция, Чехия сонымен қатар жақын шетелдердің: Өзбекстан, Ресей (Белгород, МГИМО, Оңтүстік-Орал, Пенза,  РУДН, РЭУ)  жоғары оқу орындарымен   ынтымақтастық меморандумға қол қойылып 35 шет елдік ғалымдармен ғылыми жұмыстар атқарылуда. Оқу бағдарламалары  үнемі жетілдіріліп, жұмыс берушілер­дің талаптары мен ұсыныстары  ескерілуде. 

Университеттегі экономика және бизнес жоғары мектебінің профессор-оқытушылар құрамы мемлекеттік ор­гандар, бизнес және ұлттық экономика салалары үшін кәсіби басқарушы кадр­ларды даярлауда көшбасшы болып табылады. Унниверситет дең­гейінде жоғары білікті кадрларды дайындаудың үздік отандық дәстүріне сүйене отырып, факультет мемлекеттік қызмет үшін кадрлар даярлаудың әлемдік жетекші орталықтарының стандарттарына сәйкес келетін сту­денттердің  құзыреттіліктерін қалып­тастыруға ұмтылуда. Сондай-ақ өзінің стратегиялық  міндетін жаңа үлгідегі саяси элитаны дайындауда академиялық білім сапасы тұрғы­сынан да, оның құндылық бағдарлары тұрғысынан да көреді, олардың ар-намыс, мемлекет мүддесі алдыңғы орында тұрады. Бакалавриат бағдар­ламалары шеңберінде кәсіптік оқыту студенттерге отандық және шетелдік мемлекеттік басқару және басқару  тәжірибесі  саласында арнайы білім беруді қамтиды. Бакалавриаттағы білім іргелі ғылыми пәндерді терең меңгеруге ғана емес, сонымен бірге топта жұмыс істеу дағдыларын, оның ішінде көшбасшылық қасиеттерді қалыптастыруға, мақсат қою және оған жетудің әдістері мен тәсіл­дері арқылы заманауи тиімді құрал­дарын табу қабілетін дамытуға бағыт­талған. Кафедраның білім беру  бағ­дар­ламаларының ерекшелігі бір­қатар оқу пәндері ағылшын тілінде  оқытылады. Бакалавр, магистранттар, докторанттардың білім беру бағдар­ламалары ауқымы стратегиялық ба­сымдықтарға және мемлекеттік бас­қару  тәжірибесінің қажеттіліктеріне және жұмыс берушілердің талабы, сұранысы, мақсаттарына сәйкес үнемі жаңартылып, жетілдіріліп отырады.  «Мемлекеттік және жергілікті басқа­ру»  мамандығының алған білімдері келешекте тұралап қалған мемлекет­тік басқаруды қайта жандандыруы сөз­сіз. Бұл мамандық негізінде тек басқару жағын ғана үйретіп қоймай, адаммен қарым-қатынасты, тұлғаны сыйлауды,  жан-жақты ойлауды, ұлтқа, азаматқа адал болуды үйретеді. Бұл мамандық иелеріне деген сұраныс жақсы. Себе­бі, еліміздің экономикасын қалып­­тастыру, мемлекетті алға жыл­­жыту дәл осы мамандық иелері­нің жұмысы. Жас мамандарды жергілікті басқару органдарында өз маманды­ғы­мен жұмыспен қамту өңір­лер­дің әлеуметтік-экономикалық деңгейін жақсартады және нарық кеңістігін­дегі бәсекеге қабілеттілігін арттырады. Мемлекетіміз «Менеджмент» кафед­ра­сында 3 деңгейдегі даярланып жат­қан  «Мемлекеттік және жергілікті басқару» мамандықтарын  бітіруші тү­лектерімізге өте кең мүмкіндік беріп отыр.  Бітіруші түлектер еліміздің 17 облысындағы 176 ауданындағы  6159 ауылдық аймақтарға оралуына,  өңірлерде кадр тапшылығын азайтуға тікелей атсалысуда. Биыл 2025 жылы «Мемлекеттік және жергілікті бас­қару» мамандықтарын  үздік бітіретін түлектеріміз осы жеңілдіктер негізін­де конкурссыз  жұмысқа орналасу мүмкіндігіне ие болды.      

Оңалбек Абралиев

Әл-Фараби атындағы ҚазҰУ профессоры, э.ғ.д.  

Өмірбек Бекарыс

Білімгер

 


 

Жылдам ақпарат алу үшін Facebook, Instagram желілері мен Telegram каналымызға жазылыңыз!

Тағы да оқыңыз: