Дүйсенбі, 25 қараша, 00:40

  • Қаз
  • Qaz

Бізге жаңалық
жіберіңіз:

+7(702)932-52-25
Жаңа шығарылым
№93 – 2103
23.11.2024
PDF мұрағаты

Бірлігі жарасқан отбасы

17.08.2024

253 0

18 тамыз – Шекарашылар күніне орай, ҚР ҰҚК ШҚ Қызылорда облысы бойынша департаментінің базасында департаменттің әскери қызметшілерінің отбасылары үшін ұйымдастырылған «Мен, әкем, анам – біз спорттық отбасы» атты эстафета өтті. Іс-шара тек ата-ана мен балаларды ғана емес, сонымен қатар өздерін үлкен шекара отбасының бір бөлігі деп санайтындарды бір аспан астына жинады.

Эстафета спорттық сайыс ұғымымен шектелмеді, бірліктің, достықтың және салауатты өмір салтының мерекесіне айналды. Спорттық эстафетаның басты мақсаты әскери қызметшілердің отбасылары арасында ұлттық рухты нығайту, дене белсенділігін дамытуға жәрдемдесу және бірге уақыт өткізудің маңыздылығына назар аудару болды. Ісшарада шекарашылар мен олардың жақындары арасындағы байланыстарды нығайтуға ықпал ететін жағымды атмосфераны құруға көмектесті.

Департаменттің бөлімше ішінде өткізілген іріктеуден шыққан отбасылар, финалдық кезеңде кіл мықтылармен сайысқа түседі. Эстафета бірнеше кезеңнен тұрды, олардың әрқайсысы әр түрлі жастағы қатысушылардың жас ерекшеліктерін ескере отырып жасалды. Атап айтқанда, белгіленген ұзындыққа секіру, шеңбер ішінде әкесі мен баласы екеуі мәреге дейін жету, құм толтырылған допты кедергілерден мәреге дейін жеткізу бар. Ал финалдық сайыс алтын қасық деп аталды. Бұл сайыста отбасы мүшелері кішкентай шар салынған қасықты, құлатып алмай мәреге дейін жеткізу қажет. Күннің ыстығына қарамастан, спорттық эстафета көңілді және бірлік атмосферасында өтті. Сайыстың қорытындысы шығарылып, командалар департамент басшысының алғыс хаты мен естелік сыйлықтарына ие болды.

Осындай эстафетаны ұйымдастыру әскери қызметшілердің отбасыларында қолдау мен бірліктің қаншалықты маңызды екенін көрсете отырып, барлығына физикалық белсенділік пен бірге уақыт өткізу отбасылық байланыстары нығайды. Мұндай ісшаралар командалық рухты нығайтып қана қоймай, сонымен бірге достық пен бірліктің шынайы құндылықтарын көрсетеді.

Әкімжан ТӨЛЕБАЙ,

ҚР ҰҚК ШҚ Қызылорда облысы бойынша департаментінің әскери журналисі

 


 

Жылдам ақпарат алу үшін Facebook, Instagram желілері мен Telegram каналымызға жазылыңыз!

Тағы да оқыңыз: