Сейсенбі, 04 наурыз, 12:34

  • Қаз
  • Qaz

Бізге жаңалық
жіберіңіз:

+7(702)932-52-25
Жаңа шығарылым
№17, 2130
04.03.2025
PDF мұрағаты

Бұл мамандыққа шыдам мен төзім керек

04.03.2025

10 0

Фото: Нұрболат Нұржаубай

Биыл еңбек адамына деген құрмет пен сый көрсету мақсатында мемлекет басшысы «Жұмысшы мамандықтар жылы» деп жариялағанын білеміз. Үдеден шығып үрдісті бұзбау үшін әр жетістіктің артында еңбектің тұрғанын насихаттау – біздің міндет. Шынында, кез келген істі бастағанда ең бірінші ынта мен талап керегі анық. Осы орайда бүгінгі кейіпкердің жолы бөлек.

Қаламызда құрылыс қарқыны көз қуантады. Жаңа ғимараттар мен тұрғын үйлер бой көтеріп жатқанда сол құрылыстың биігінде жұмыс істейтін краншылардың еңбегі туралы ойлай бермейтініміз шындық.

Шетелдерге шыны экспорттап отырған шыны зауыты туралы естіген шығарсыз. Онда күніне 10 вагоннан астам өнім Ресей, Өзбекстан, Қырғызстан мен Тәжікстанға шыны жеткізіледі. Сол зауытта 3 жылдан бері еңбек етіп келе жатқан Медеу Ерболұлы кранды тізгіндеп келеді.

– Барлық назарың алдыңдағы ілінген жүкте болуы керек. Себебі ондаған тонналық жүк төмендегі жұмыс­шыларға қауіп төндірмеуі тиіс. Ең алғаш жұмысқа келгенде тәжірибе болмаған соң, тек ағаш жүктерді көтеріп жүрдім. Уақыт өте келе ынта қойып, 1-2 айдың ішінде үйреніп алдым, – дейді ол.

Жұмысқа келген жігіттердің көбі шыдамаған соң жұмысқа тұрақтамай шығып кетеді екен. Себебі кран айдау оңай жұмыс емес. Ол кран айдау үлкен жауапкершілік екенін айтады.

– Краншының басты қасиеті – шыдамдылық. Өткен жылы жаз айында бірнеше жігіт жұмысқа келді. Бәрі тұрақтамай шығып кетеді. Қазір қасымдағы көмекші жігіт екеуміз күніне 10 вагон шыны тиейміз, – дейді кейіпкеріміз.

Бұл мамандыққа шыдам мен төзім керек

Краншы Медеу кез келген істі қолға алғанда еңбек пен табандылықтың жетістікке жеткізетінін түсінген. Жұмыс­тан бос уақытында көлік бояу ісімен де айналысады.

– Ағам соғылған көлікті қалпына келтіру мен көлікті бояу ісімен айналысамын. Қызыққан соң оған өзім сұранып барып үйреніп алдым. Алғашында ақысыз жұмыс істеп, көлік бояу өнерін меңгеріп алған соң өзім бөлек кәсіп етіп жүрмін. Қазір жалға орын алып, халыққа қызмет көрсетудемін. Аз-аздап түскен ақшаға бояу құралдар мен аппараттар да сатып алдым, – дейді Медеу Санақ.

Думан КЕҢШІЛІК

 


 

Жылдам ақпарат алу үшін Facebook, Instagram желілері мен Telegram каналымызға жазылыңыз!

Тағы да оқыңыз: