Сәрсенбі, 29 қазан, 02:07

  • Қаз
  • Qaz

Бізге жаңалық
жіберіңіз:

+7(702)932-52-25
Жаңа шығарылым
№82,2194
29.10.2025
PDF мұрағаты

Чемпионмен бірге жүгір!

29.10.2025

41 0

Республика күні мен шаһардың астана болғанына 100 жыл толуына орай қалада спорттық іс-шара өтті. Ел мерейін асқақтатып, салауатты өмір салтын дәріптеуді мақсат еткен қала тұрғындары «Чемпионмен бірге жүгір!» атты жеңіл атлетикалық кіші марафонға жаппай қатысты.

Шараның ашылу салтанатында қала әкімінің орынбасары Ділмұхамед Абызов айтулы мерекемен құттықтап, қатысушыларға сәттілік тіледі.

Марафонды бокстан әлем чемпионатының күміс жүлдегері Қамшыбек Қоңқабаев пен қола жүлдегер Тұрсынбай Құлахмет бастап, қатысушыларға ерекше рух сыйлады. Белгілі спортшы­лармен бірге жүгіру көпшілікке шабыт беріп, шараның деңгейін айшықтай түсті.

«Эдельвейс» жағажайынан бастау алған жарыс бағыты «Болашақ» университеті ғимаратына дейінгі аралықты қамтыды. Қатысушылар 5 шақырымдық қашықтықты еңсеріп, мерекелік көңіл-күймен мәреге жетті. Бұл күні қала көшелерінде спорттың, бірліктің және шаттықтың рухы сезілді.

Айта кету керек, жарысқа 100-ге жуық қызылордалық қатысты. Қатысушылардың ішінде ең жасы – 15-те болса, ең үлкені – 50-ден асқан қала тұрғыны. Іс-шара соңында қатысушыларға арнайы медальдар мен естелік сыйлықтар табыс етілді. Бұл марафон тек спорттық сайыс емес, ел мерейін көтерген мерекелік шеру болды.

«Ақмешіт-ақпарат»

 


 

Жылдам ақпарат алу үшін Facebook, Instagram желілері мен Telegram каналымызға жазылыңыз!

Тағы да оқыңыз: