Сырқаттанғанда жаныңыздан табылып, қысылғанда қол ұшын беретін, тәннің ғана ауруын емес, сонымен қоса жан жараңның да емін таба білетін дәрігерге алғыс айтқым келеді. Әдетте, науқастанып қалған жандарға білікті білімімен, жылы қабағымен қуаныш сыйлайтын адам жанының арашасы болып жүрген, дәрігерлер жөнінде көп айтыла бермейді. Дәрігердің арқалаған жүгі мен жауапкершілігі де жеңіл емес.
Қаладағы №4 емханасының, Махамбет ауылындағы дәрігерлік амбулаторияға қарасты №21 аймақ дәрігері Жұбаниязова Айнұр Елеусінқызына шынайы алғысымды білдіргім келеді. Өзім осы дәрігерге қарасты аймақта тұрамын. Айнұр дәрігер отбасымызға үй аралау барысында соғып, өзімнен бастап, балаларымның хал-жағдайын сұрап, алдағы өтетін профилактикалық тексерулермен таныстырып, ақпарат беріп тұрады. Кейде сырқаттанып қалған кездерімізде үйден келіп қарап немесе қабылдауында болғанда өзінің қанша жылдық оқыған білімімен, адамгершілік тұрғыда жылы шырай танытып, көркем мінезімен, өзіне тән сөйлеу мәнерімен, биязылығымен қабылдау жүргізеді. Дертіміздің шипасын тауып, сауықтыру шараларын жоғары деңгейде жүргізетініне талай мәрте көз жеткізген жайым бар. Денсаулық сақтау ісіндегі елдің амандығы мен игілігі үшін жасаған адал әрі шынайы қызметіне құрметім мен алғысымды білдіремін. Еңбек жолындағы күш-қуаты сарқылмасын, қанаты талмай, үлкен жетістіктерге жете беруіне тілектеспін. Отбасына амандық, деніне саулық тілеймін!
Бағдат БЕКЕТОВ
Жылдам ақпарат алу үшін Facebook, Instagram желілері мен Telegram каналымызға жазылыңыз!