Сенбі, 03 мамыр, 22:16

  • Қаз
  • Qaz

Бізге жаңалық
жіберіңіз:

+7(702)932-52-25
Жаңа шығарылым
№32,2145
03.05.2025
PDF мұрағаты

«Достық үйінің» іргетасы қаланды

03.05.2025

34 0

Облыс орталығында  «Достық үйінің» жаңа ғимаратының іргетасы қаланды. Салтанатты шараға Парламент Сенаты мен Мәжілісінің депутаттары Руслан Рүстемов, Мұрат Ергешбаев, мемлекет және қоғам қайраткері Мұрат Бақтиярұлы, «Қазатомөнеркәсіп» ұлттық атом компаниясы» акционерлік қоғамының басқарма төрағасы Мейіржан Юсупов пен зиялы қауым өкілдері қатысты.

Облыс әкімі Нұрлыбек Нәлібаев тұрғындарды Қазақстан халқының бірлігі күнімен, Қазақстан халқы Ассамблеясының 30 жылдығымен  құттықтады. 

– Береке-бірлігіміздің ұйытқысына айналып, еліміздегі этносаралық достық пен бірліктің үлгісін әлемге танытқан Қазақстан халқы Ассамблеясының құ­рылғанына биыл 30 жыл толды. Бұл құрылым бүгінде халқымызды бірлікке, достыққа үндейтін жалпыұлттық келі­сімнің негізіне айналды. Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Кемелұлы Қазақстан халқы Ассамблеясының ХХХIV сессиясында: «Былтыр еліміздің рухани және тарихи-мәдени ордасы – Түркістанда жаңа «Достық үйі» ашыл­ды. «Достық үйі» тағы бірнеше қала мен аудан орталығында ашылады деп жоспарлануда. Мен бұл бастаманы қолдаймын. Біз қоғамдық келісім инфрақұрылымын біртіндеп кеңейте беруіміз керек», – деген болатын. Жаңа «Достық үйі» – аймағымыздың бірлігі мен ынтымағын нығайтуға атсалысқан этномәдени бірлестіктер мен ассамблея белсенділері үшін барлық қажеттіліктермен қамтамасыз етілген заманауи ғимарат болады, – деді облыс әкімі Н.Нәлібаев.

Сонымен қатар «Қазатомөнеркәсіп» ұлттық атом компаниясы» акционерлік қоғамының басқарма төрағасы Мейіржан Юсупов «Достық үйі»  ел игілігіне, жақсылыққа қызмет етсін деген тілегін білдірді.

«Достық үйінің» іргетасы қаланды

«Достық үйінің» жаңа ғимараты «Қазатомөнеркәсіп» ұлттық атом компа­ниясы» акционерлік қоғамының қол­дауымен бой көтереді. Оған 3 млрд  800 млн теңге қаржы жұмсалмақ.

Бүгінде өңірімізде 30-дан астам этнос өкілдері тұрады. Жерлестеріміз Сыр өңірінің түрлі салаларының дамуына атсалысып, үлестерін қосуда. Татулық пен келісімнің киелі шаңырағына айналатын жаңа ғимарат  этнос өкілдерінің мәдени-рухани бірегейлігін дамытуға мүмкіндік беретіні сөзсіз.

«Ақмешіт-ақпарат»

 


 

Жылдам ақпарат алу үшін Facebook, Instagram желілері мен Telegram каналымызға жазылыңыз!

Тағы да оқыңыз: