Сейсенбі, 27 қаңтар, 01:32

  • Қаз
  • Qaz

Бізге жаңалық
жіберіңіз:

+7(702)932-52-25
Жаңа шығарылым
№7 (2219)
27.01.2026
PDF мұрағаты

Дүниежүзілік сайлау күні – азаматтық белсенділіктің нышаны

27.01.2026

42 0

Дүниежүзілік сайлау күні – демократиялық қоғамның басты құндылықтарын дәріптейтін, әрбір азаматтың ел болашағын айқындаудағы рөлін айқын көрсететін маңызды күн. Бұл мереке сайлау құқығының маңызын, заң үстемдігі мен қоғамдық жауапкершіліктің жоғары деңгейін паш етеді.

Қызылорда қалалық сайлау комиссиясы сайлау үдерісінің ашықтығы мен әділдігін қамтамасыз етуді, сайлаушылардың құқықтары мен заңды мүдделерін қорғауды өзінің негізгі міндеті санайды. Комиссия тарапынан сайлау науқандарының заң талаптарына сай, әділ әрі сенімді өтуі үшін барлық ұйымдастырушылық және түсіндіру жұмыстары тұрақты түрде жүргізіліп келеді. Атаулы күн аясында жастар арасында құқықтық сауаттылықты арттыруға, азаматтардың саяси мәдениетін қалыптастыруға және қоғамның қоғамдық-саяси өмірге белсенді қатысуына ерекше көңіл бөлінуде.

Барша қала тұрғындарын ел болашағына бейжай қарамай, азаматтық ұстаным танытуға және қоғамдық процестерге белсенді араласуға шақырамыз. Бірлік пен жауапкершілік – тұрақты дамудың және жарқын келешектің кепілі.

Қызылорда қалалық сайлау комиссиясы

 


 

Жылдам ақпарат алу үшін Facebook, Instagram желілері мен Telegram каналымызға жазылыңыз!

Тағы да оқыңыз: