Сенбі, 13 желтоқсан, 03:02

  • Қаз
  • Qaz

Бізге жаңалық
жіберіңіз:

+7(702)932-52-25
Жаңа шығарылым
№95 (2207)
13.12.2025
PDF мұрағаты

Дзюдо:  жалпы командалық есепте II орын иеленді

13.12.2025

42 0

Жақында Ақтау қаласында дзюдодан 2009-2010 жылы туған жасөспірімдер арасындағы Қазақстан чемпионаты өтті. Төрт күнге жалғасқан бәсекеге 17 облыс пен 3 қаладан келген 200-ден астам спортшы бозкілемде бақ сынады.

Қызылорда облысының жас дзюдо­шылары 2 алтын, 3 күміс медаль алып, жалпы командалық есепте II орын иеленді.

Жарыс нәтижесі бойынша: 55 кг салмақ дәрежесінде Ислам Самат­ұлы I орын, 63 кг  салмақ дәрежесінде Айдархан Арайлым I орын, 90 кг салмақ дәрежесінде Еліасқар Әликаев II орын, 60 кг салмақ дәрежесін­де Арқар Бақытжан II орын, 81 кг салмақ дәрежесінде Байзақ Қажымұхан II орын иеленді.

Қызылорда облысының жас спорт­шылары жылды жарқын жеңіс­термен аяқтап, өңір спортының дамып келе жатқанын тағы бір мәрте дәлелдеді. Волейбол, бокс, дзюдо және кикбоксинг бойынша жеткен жетістіктер – жаттық­тырушылардың еңбегі мен спортшы­лардың талпы­нысының нәтижесі.

 


 

Жылдам ақпарат алу үшін Facebook, Instagram желілері мен Telegram каналымызға жазылыңыз!

Тағы да оқыңыз: