Сенбі, 25 қазан, 02:23

  • Қаз
  • Qaz

Бізге жаңалық
жіберіңіз:

+7(702)932-52-25
Жаңа шығарылым
№81, 2193
25.10.2025
PDF мұрағаты

Егемен елдің еңсесі биік

25.10.2025

45 0

Республика күні мерекесінің құрметіне Қызылорда қаласының қорғаныс істері жөніндегі басқармасының ғимаратында «Қыран Елім –     Қазақстан» атты мерекелік іс-шара өтті. Бұл мереке – қазақ халқының ғасырлар бойғы арманының орындалған сәтін еске түсіретін ерекше күн.  Мерекелік іс-шара Республика күні еліміздің тәуелсіздікке бастар жолдағы алғашқы тарихи қадамы, еркін ел болудың бастауы екенін жеке құрамға жеткізу, отансүйгіштік тәрбие беру мақсатында ұйымдастырылды. Мерекелік шараға  Қызылорда облысының қорғаныс істері жөніндегі департаментінің басшы­сы, подполковник Шаңқұлов Жасұлан Бөгенбайұлы, департамент бастығының тәрбие  және идеологиялық жұмыстар жөніндегі орынбасары майор Искакова Нейла Нәбиқызы, «Қарулы Күштері ардагерлері» республикалық коғамдық бірлестігі Қызылорда облыстық филиалының төрағасы, Қарулы Күштерінің құрметті ардагері, Қармақшы ауданының құрметті азаматы отставкадағы подполковник Ршауов Мыңділда Сағидоллаұлы, Таулы Қарабақ қақтығыстарының ардагерлері Болатбек Төлегенов, Асылбек Ахметияұлы, Семей ардагерлерінің төрағасы Нұрлан Маденов қатысты. Қызылорда қаласының қорғаныс істері жөніндегі басқармасының бастығы полковник Манапов Ерлан Қалмаханұлы ардагерлерімізді мерекемен құттықтап, арнайы Алғыс хатпен марапаттады.

Ақгүл Бердібаева,

Қызылорда қаласының қорғаныс істері жөніндегі басқармасының Әскери қызметті насихаттау, тәрбие және идеологиялық жұмыстар жөніндегі инспекторы

 


 

Жылдам ақпарат алу үшін Facebook, Instagram желілері мен Telegram каналымызға жазылыңыз!

Тағы да оқыңыз: