Сейсенбі, 19 тамыз, 11:50

  • Қаз
  • Qaz

Бізге жаңалық
жіберіңіз:

+7(702)932-52-25
Жаңа шығарылым
№62, 2175
19.08.2025
PDF мұрағаты

Егінге иек артқан Қарауылтөбе

19.08.2025

54 0

Қарауылтөбе  егін шаруашылығымен ерекшеленген елді мекен. 68060 гектар жердің 5396,9 гектары ауыл шаруашылығы мақсатында пайдаланылуы да бұл сөзімізді айғақтайды. Оның үстіне жері де құнарлы болғандықтан 1317,2 гектары егістікке арналған. Биыл 700 гектарға   күріш, 124 гектарға  ескі, 276 гектарға жаңа жоңышқа, 5 гектарға бидай, 10 гектарға арпа,  150 гектарға қант құмайы, 3 гектарға бақша өнімі егіліпті. Жуық арада бұл өнімдердің барлығы елдің қажетін өтейтін болады. Қарауылтөбе елді мекенінде болып жатқан басқа жүйелі жұмыс жайлы БАҚ өкілдеріне Қарауылтөбе ауылдық округі әкімінің міндетін атқарушы К. Жүсіпов баян етті.

3000-ға жуық халқы бар Қарауылтөбе ауылында экономикалық белсенді халық саны –1304. Өзін-өзі жұмыспен қамтығандар 402 болса, екі қолға бір күрек таппағаны – 24. «2021-2025 жылдарға арналған кәсіпкерлікті дамыту жөніндегі ұлттық жобасы» аясында 1 адам жастар тәжірибесімен, 18-і  ақылы қоғамдық жұмысқа, 2-уі кәсіптік оқуға тартылған.

–     Ауылдық округте 131 шағын кәсіпкерлік нысаны жұмыс істейді. 2025 жылдың IІ тоқсанында 6 кәсіпкерлік тіркеліп, 6 тұрақты жұмыс орны ашылды. «Бизнес-Бастау» бағдарламасымен 8 тұрғын оқу курсын аяқтап, қайтарымсыз грантқа өтініш тапсырды. Биылғы IІ тоқсанда  3 жоба қаржыландырылды.  «Байқоңыр ӘКК»  АҚ арқылы «Ауыл аманаты» бағдарламасымен 8,6 млн теңгені құрайтын 1 жоба,  «Аграрлық Несие корпорациясы»  АҚ арқылы  «Іскер» бағдарламасымен 16,8 млн теңгені құрайтын 2 жоба қаржыландырылды. Ауылдықтардың әлеуетін арттыруға көмектесетін мүмкіндік екендігіне сенімдімін, – дейді К. Жүсіпов.

Егінге иек артқан Қарауылтөбе

Инфрақұрылымды дамыту кез келген ауыл үшін өзекті. Қарауылтөбеде бұл мәселе шешімін табуда.  Мәселен, «Өңірлерді дамыту» бағдарламасы аясында 1,9 млн теңгеге жаңа қоныс аумағындағы №4, №5  көше   жарықтандырылған. Ал «Жарықтандыру» бағдарламасымен №7, №8, №9 көшеге 3,3 млн  теңгеге  жарық бағанасы орнатылып, ауыл іші самаладай жарқыраған.

Балаларға базарлық есебінде С. Байсейітов көшесінің бойынан ба­лалар ойын алаңы салынбақ.  Бұл мақсатқа мердігер «Әділжан и К» жауапкершілігі шектеулі серіктестігімен келісімшарт жасалып,  құры­лысы қарқынды жүруде.

Ауылдық округте санитарлық тазалыққа да дәйекті көңіл бөлінген. Әкімдік 1 млн теңгеге  ЖК «Бекішов» мекемесімен келісімшартқа отырып, ауыл ішін тазартуды қолға алған.

Ауылдық округтің әрбір көшесін электр энергиясымен қамтамасыз ету үшін «Қызылорда электр тарату тораптары» компаниясымен  10,5 млн теңгеге, жарық бағаналарына техникалық қызмет көрсету үшін  12,2 млн теңгеге «Инно Тех» ЖШС-мен келісімшартқа отырып, жыл көлемінде жұмыстар жүргізілмек.

                                                   Г. ҚОЖАХМЕТОВА

 


 

Жылдам ақпарат алу үшін Facebook, Instagram желілері мен Telegram каналымызға жазылыңыз!

Тағы да оқыңыз: