Сенбі, 07 ақпан, 01:58

  • Қаз
  • Qaz

Бізге жаңалық
жіберіңіз:

+7(702)932-52-25
Жаңа шығарылым
№10 (2222)
07.02.2026
PDF мұрағаты

Ел дамуының жаңа кезеңіне жасалған батыл қадам

07.02.2026

53 0

Конституциялық реформалар жөнін­дегі комиссия Қазақстан Республикасы­ның жаңа Конституция жобасын жарияла­ды. Бұл – елдің құқықтық жүйесін өз­гер­туді көздейтін тарихи маңызды құжат. Ел дамуының жаңа кезеңіне жасалған батыл қадам.

Жаңа Конституциясы жобасы ең алды­мен «күшті Президент – ықпалды Парламент – есеп беретін Үкімет» қағида­тына негізделген.

Жаңа Конституция жобасында азамат­тың ар-намысы, қадір-қасиеті, бостан­дығы мен негізгі құқықтары мемлекет мүдде­сінен жоғары құндылық ретінде айқын­далуда. Азаматтардың жеке деректері, ар-намысы мен қадір-қасиеті конституциялық қорғауға алынып, жеке өміріне қол сұғуға жол берілмейтіні нақты көрсетілген. Бұл – «мем­лекет үшін адам емес, адам үшін мем­лекет» қағидасының заң жүзінде орнығуы­ның айқын көрінісі. Сонымен қатар әділ сотқа қол жеткізу, жеке өмірге қол сұқпау, адамның қадір-қасиетін қорғау секілді құқықтар нақты тетіктермен күшейтіліп, азаматтардың құқықтық қорғалуын жаңа деңгейге көтеру.

Жаңа Конституция жобасындағы негізгі құндылықтардың бірі – отбасы, неке және балалардың құқықтарын қорғау. Бұл тұжырымдамалар адам құқықтары мен бостандықтарын қорғау бөліміне енгізі­ліп, неке мен отбасы институттары конс­титуциялық деңгейде бекітіледі, отбасы мен некені тұрақты әлеуметтік негіз ретін­де тануды күшейтуді баян етеді. Соны­мен қатар отбасы мен некені адам құқықтарының тұтастығы мен дәстүрлі отбасы­лық құндылықтарды сақтау кон­текстінде қарастырады, яғни некені қоғам­ның әлеуметтік құқықтық негізі ретінде таниды.

Айта кету керек, қазіргі таңда Қазақстан­да «Неке және отбасы туралы» заң нор­маларының Конституцияға сәйкес­тігі Конституциялық Сот арқылы қайта қаралып жатыр, бұл саладағы құқық­тық базаның Конституциямен тығыз байла­ныста өзгеретінін көрсетеді.

Жаңа жоба білім беру құқығын нақты конституциялық деңгейде бекітуді көз­дейді. Азаматтарға мемлекеттік жоғары оқу орындарында конкурс негізінде білім алу құқығы беріледі, жекеменшік оқу орын­дарында білім алу заңда белгіленген тәртіппен жүзеге асады. Мемлекет жалпыға мін­детті білім стандарттарын белгілеп, оқу орын­дарының қызметі осы стандарттарға сай болуын қамтамасыз етеді. Діни білім беру ұйымдарын қоспағанда, білім беру зайырлы сипатқа ие болады. Бұл нормалар білім саласын құқықтық және стандартты негізде реттеп, білімге тең қолжетімділікті қамтамасыз етеді

Конституция жобасы – Қазақстанның саяси жаңғыруының құқықтық негізі. Бұл өзгерістер – әлеуметтік құқықтық жүйені жаңғыртуға, азаматтардың құқықтары мен бостандықтарын толық қорғауға бағыт­талған маңызды қадам.

Айгүл МҰСАБАЕВА, 

Е.Әуелбеков атындағы №4 облыстық мамандандырылған мектеп-лицей-интернатының директоры,

қалалық мәслихат депутаты

 


 

Жылдам ақпарат алу үшін Facebook, Instagram желілері мен Telegram каналымызға жазылыңыз!

Тағы да оқыңыз: