Сенбі, 10 тамыз, 04:23

  • Қаз
  • Qaz

Бізге жаңалық
жіберіңіз:

+7(702)932-52-25
Жаңа шығарылым
№63-2073
09.08.2024
PDF мұрағаты

Ел ертеңі – жастар

10.08.2024

16 0

Биыл халықаралық жастар күні –«Жастармен бірге» онкүндігі форматында
аталып өтуде.

Мерекеге орай, 3-12 тамыз аралығында аймағымызда бірқатар іс-шара жоспарланған. Онкүндік аясында жастар мерекесінің бірінші күні «Таза Қазақстан» тақырыбында басталды. Облыстық жастар ресурстық орталығының ұйымдастыруымен экологиялық мәдениетті дамыту, жастардың азаматтық жауапкершілігін арттыру мақсатында саябақ аумақтарын, өзендер мен көлдердің жағалауларын, тарихи-мәдени мұра объектілерінің аумақтарын тазарту және «Жасыл ел» жастар еңбек жасақтарының қатысуымен «Jasyl Marafon24» эко-турнирі ұйымдастырылды. 100-ге жуық жас топтарға бөлініп, 3 түрлі бағытта жұмыс істеді. Жастар ұйымдары, еріктілер, «Жастар рухы» Жастар қанаты ұйымының мүшелері, «Жасыл ел» еңбек жасағының сарбаздары мен жастар орталықтарының қызметкерлерінен құрылған топтар Жастар орталығы ғимаратының айналасында, орталық стадиондағы Ғани Мұратбаев ескерткіші мен Street Workout алаңында тазалық жұмыстарын жүргізді.
Мерекелік шаралар легі 4 тамыз күні қала және аудан орталықтарындағы ЛЭД экрандарда қазақстандық көркем фильмдерді көрсетумен жалғасты. Мерекелік аптаның «Денсаулық – зор байлық» тақырыбымен жалғасқан үшінші күні «Донор бол!» ерікті түрде қан тапсыру акциясымен басталды. Облыстық қан тапсыру орталығына 30-ға жуық жас жиналып, ерікті түрде донор болды. Сондай-ақ қалалық емханаларда скринигтер, мамандар кеңесі, қалалық мәдени-демалыс саябағында «Жастар денсаулық орталығының» көшпелі форматтағы ашық есік күні өткізілді. «Ғылым таппай мақтанба» атты атаулы күні білім құндылықтарын, зияткерлік қабілетті дамытуға басымдық берілді. Жастар орталығында квиз және интеллектуалды сайыс форматында заманауи ойындар мен №19 қалалық кітапханасында «Кітап сыйла», «Түнгі кітапхана» акциялары өтті.
– 7 тамыз күні «Мейірімділік мекені» атаумен өтті. «Игі істер марафоны» аясында жастар көпбалалы отбасыға көмек көрсетіп, кәсіптік және әлеуметтік жәрмеңке өткіздік. Сонымен қатар, TEDх форматтағы бейресми кездесулер, поэзия кеші, бейнеқұттықтаулар мен челлендждер ұйымдастырылды, – дейді облыстық жастар ресурстық орталығының директоры Әліби Басаров.

София Темірболат

 


 

Жылдам ақпарат алу үшін Facebook, Instagram желілері мен Telegram каналымызға жазылыңыз!

Тағы да оқыңыз: