Күз айы – диқандардың ала жаздай еткен еңбегінің нәтижесін көретін, елдің қамбасы астыққа толатын берекелі мезгіл. Жылдағы дәстүрге орай биыл да егін жинау науқанының қорытындысымен «Алтын күз-2025» мерекесі аясында облыс орталығындағы бірнеше шағын ауданда ауыл шаруашылығы өнімдерінің жәрмеңкесі өтті.
Жәрмеңкеде барлық аудандар мен Қызылорда қаласының шаруалары өз өнімдерін тиімді бағада ұсынды. Аудандардан 500-ге жуық жүк көлігімен 1000 тоннадан астам өнім жеткізілді. Сауда сөрелеріне 150 тоннадан астам күріш, 30 тонна ет және 35 тоннадай балық өнімдері, 300 тонна картоп, 300 тоннадан астам көкөніс пен жеміс-жидек, 250 тонна бақша, 10 тоннадай сүт, 10 тоннаға жуық бакалея және кондитер өнімдері, 100 бас тоқты және 30 тонна жем-шөп қойылды.
Арал ауданының жәрмеңкесінде теңізді өлкенің шаруалары 60 тоннадай өнім әкелсе, 15 тоннасы балық өнімдері, 20 тоннасы қауын-қарбыз, 4 тоннасы ет өнімі, 20 тоннасы қызанақ, 1 тоннасы сүт, 3 тоннасы ас тұзы. Сондай-ақ 40 бас қой мен тоқты жеткізілген.Молшылық жәрмеңкесіне Қазалы ауданының шаруалары 10 тонна күріш, 12 тонна балық, 5 тонна ет, 20 тонна бақша өнімдерін, 7 тонна асқабақ, 15 тонна картоп, 10 тонна пияз, 3 тонна сүт өнімдері, 1 тонна Қазалы кәмпиттерін шығарды.

Қармақшы ауданынан 40 көлікке тиелген 100 тонннаға жуық өнім келсе, 20 тоннасы күріш, 1,5 тоннасы балық, 30 тоннасы көкөніс, 25 тоннадай бақша, 10 тонна қызанақ, 1 тонна ет және кондитер мен сүт өнімдері, мал азығы бар.
Ал, жалағаштық шаруалар 200 тоннаға жуық өнімін ұсынса, оның 40 тоннасы күріш, 40 тоннасы картоп, 10 тоннасы сәбіз, 20 тоннасы пияз, 20 тоннасы асқабақ, 30 тоннасы қауын, қарбыз, 30 тоннасы көкөніс өнімі, 3 тоннадан астам ет пен балық өнімі, 1 тоннадай сүт өнімі.
Сырдария ауданынан жеткен 50 көлік азық-түлік тауарларына толы. Мұнда тұрғындар қарбыз-қауын, жеміс-жидек, күріш, сүт өнімдері мен балық өнімдерінің саудасын қыздырды.
Барлығы 170 тоннадан астам, оның ішінде 25 тонна күріш, 60 тонна картоп, сәбіз, пияз, 10 тонна асқабақ, 40 тонна бақша, 2 тонна ет, сүт өнімдері, 5 тонна көкөніс пен жемістер, 2 тоннадан астам бакалея өнімдері халық сұранысына ие болды. Сонымен қатар 10 бас қой мен 10 бас тоқты және 30 тонна мал азығын да саудалаушылар көп болды.

Тасбөгет кентінің орталық алаңында шиелілік шаруалар табиғи таза өнімдерін ұсынып, жәрмеңке көркін қыздырды. Мұнда саудаға 150 тоннадан астам өнім қойылған. Оның 20 тоннадан астамы күріш, 30 тоннасы бақша өнімі, 50 тоннасы картоп, 12 тоннасы асқабақ, 40 тоннасы көкөніс, 4 тоннасы ет, сүт өнімі нарықтағы бағадан төмен сатылды.
Астана даңғылының бойында орналасқан Жаңақорған ауданының 50 көлігінде 10 тоннаға жуық күріш, 45 тонна картоп, 30 тонна бақша, 60 тоннадан астам көкөніс пен жемістерді саудаға шығарылды. Сондай-ақ, ет, балық, кондитер өнімі де бар.
Сол жағалауға жайғасқан Қызылорда қаласының шаруалары 12 тонна күріш, 8 тонна картоп, 12 тонна ет пен балық өнімдерін, 16 тонна қауын мен қарбыз, 6 тонна асқабақ, 15 тонна көкөніс пен жеміс өнімдерін, 2 тонна кондитер өнімдерін, мал азығын да ұсынды.
Биыл Сыр диқандары күзгі жиын-терімге уақытылы кірісіп, толағай табысқа қол жеткізді. 470 мың тоннаға жуық күріш жиналып, оның әр гектарынан 58,1 центнерден өнім алынып, ел ырысы еселене түсті.
Ақмешіт-ақпарат
Жылдам ақпарат алу үшін Facebook, Instagram желілері мен Telegram каналымызға жазылыңыз!