«Цифрлық Қазақстан» кешенді бағдарламасына сəйкес, халыққа мемлекеттік қызмет көрсетудің тиімділігін арттыру мақсатында электронды түрде қызмет көрсету заман талабына сай қарқынды дамуда. Мемлекеттік қызмет дегеніміз көрсетілетін қызметті алушылардың өтініші бойынша жеке тәртіппен жүзеге асырылатын және олардың құқықтарын, бостандықтары мен заңды мүдделерін іске асыруға, оларға тиісті материалдық игіліктер беруге бағытталған жекелеген мемлекеттік функцияларды іске асыру нысандарының бірі.
Қызылорда қаласы әкімдігінің Қызылорда қаласының Ақжарма ауылдық округі әкімінің аппараты тарапынан заңды және жеке тұлғаларға 5 мемлекеттік қызмет түрі көрсетіледі. Олардың қатарында «Жер учаскесінің нысаналы мақсатын өзгертуге шешім беру», «Сауда-саттықты (конкурстарды, аукциондарды) өткізуді талап етпейтін мемлекет меншігіндегі жер учаскелеріне құқықтарды алу», «Жер учаскесін алу үшін кезекке қою», «Жер учаскесін жеке меншікке ақысын бірден төлеп не бөліп төлеу арқылы сату», «Кент, ауыл жерлерінен жер учаскесін беру» бар.
Тұрғындарға мемлекеттік қызмет көрсетудің ақпараттық қолжетімділігін қамтамасыз ету мақсатында стандарттарға сәйкес ақпараттық тақтайшалар және «Өзіне өзі қызмет көрсету бұрышы» орналастырылған. «Өзіне өзі қызмет көрсету бұрышы» талапқа сай қажетті техникалық құралдармен жабдықталған. Қызмет алушылардың хабардарлығын арттыру мақсатында түсіндірме-семинар, кездесулер өтуде.
Ақжарма ауылдық округінің әкімі аппаратының негізгі функцияларының бірі – мемлекеттік қызмет көрсету саласында тұрғындардың өтініштерін қанағаттандыру, мүмкіндігі шектеулі жандар мен барлық қызмет алушыларға ыңғайлы үнемі жағдай жасау.
Қызылорда қаласы әкімдігінің Қызылорда қаласының Ақжарма ауылдық округі
әкімінің аппараты
Жылдам ақпарат алу үшін Facebook, Instagram желілері мен Telegram каналымызға жазылыңыз!