Сейсенбі, 29 сәуiр, 13:13

  • Қаз
  • Qaz

Бізге жаңалық
жіберіңіз:

+7(702)932-52-25
Жаңа шығарылым
№31,2144
29.04.2025
PDF мұрағаты

Елге қызмет – міндет

29.04.2025

84 0

Егемендік алғаннан бергі жылдар ішінде мемлекет ұстанған берік саясаттың арқасында қоғам дамуының барлық саласында түбегейлі өзгерістер болды. Соның ішінде мемлекеттік органдардың тиімді жүйесі мен құрылымы жасалып, мемлекетті басқарудың ұтымды үлгісі іске қосылды.
Қазіргі таңда заман талабына сай бұл жүйені жетілдіру мақсатында мем­лекеттік кадр саясатын қалыптастыру, халық­тың мемле-кеттік қызмет түрлеріне қол­жетімділігін арттыру бағытында игі бас­тамалар жүзеге асырылуда.
«Мемлекеттік көрсетілетін қызметтер туралы» ҚР Заңына сәйкес мемлекеттік көр­сетілетін қызмет – көрсетілетін қызметті алушылардың өтініші бойынша жеке тәртіппен жүзеге асырылатын және олардың құқықтарын, бостандықтары мен заңды мүдделерін іске асыруға, оларға тиісті материалдық немесе материалдық емес игіліктер беруге бағытталған жекелеген мемлекеттік функцияларды іске асыру нысандарының бірі. Сәйкесінше мем­лекеттік қызметтер көрсету саласының сапа­сын арттыру – елді мекен тұрғындарының өмір сүру деңгейінің көтерілуіне септігін тигізері сөзсіз.
Қызылорда қаласының «Тасбөгет кенті әкі­мінің аппараты» коммуналдық мемлекеттік мекемесінде 2025 жылдың 1- тоқсанында 129 қызмет көрсетілді. Мекемеде төмендегідей 5 мемлекеттік қызмет түрі жүзеге асырылады:

  1. Жер учаскесінің нысаналы мақсатын өзгертуге шешім беру;
  2. Сауда-саттықты (конкурстарды, аукцион­­­дарды) өткізуді талап етпейтін мем­лекет мен­шігіндегі жер учаскелеріне құқық­тарды алу;
  3. Жер учаскесін алу үшін кезекке қою;
  4. Елді мекендер шегінде обьекті салу үшін жер учаскелерін беру;
  5. Жер учаскесін жеке меншікке ақысын бірден төлеп не бөліп төлеу арқылы сату.
    Осы көрсетілетін қызметтердің түрін алу үшін стандартқа сәйкес құжаттар қажет етіледі. Қызмет алушыларға қолайлы жағдай жасау мақсатында «Қызылорда қаласының Тасбөгет кенті әкімінің аппараты» ком­муналдық мем­лекеттік мекемесі ғима­ратында мемлекеттік қызметтер көрсету тәртібі туралы ақпараттық стенд орналас­тырылған және онда көрсе­тілетін қызмет түрлері мен қызмет көрсету мерзімі туралы мәліметтер толық көрсетілген. Сондай-ақ мекемеде «Өзіне-өзі қызмет көр­сету бұрышы» жабдықталып, онда «E.gov.kz» электрондық үкімет веб-порталына кіру мүмкіндігі қамтамасыз етілген. Мекемеде қызметтер көрсетуге жауапты маман бекі­тілген. Мемлекеттік қызмет көрсету мәселесі жөніндегі біріңғай байланыс орталығы телефон нөмірі – «1414».
    Жоғарыда аталған қызметтерді алу үшін Тасбөгет кенті әкімінің аппаратына өті­ніш білдіруге болады. Мекен-жайымыз: Қызылорда қаласы, Тасбөгет кенті, З.Шүкіров көшесі №11. Сенім телефоны: 21-58-49.

 


 

Жылдам ақпарат алу үшін Facebook, Instagram желілері мен Telegram каналымызға жазылыңыз!

Тағы да оқыңыз: