Жексенбі, 09 қараша, 00:16

  • Қаз
  • Qaz

Бізге жаңалық
жіберіңіз:

+7(702)932-52-25
Жаңа шығарылым
№85 (2197)
08.11.2025
PDF мұрағаты

Еңбек адамдарын төрге шығарды

27.09.2025

187 0

Елімізде 2025 жыл «Жұмысшы мамандықтар жылы» деп жарияланды. Бұл бастама жұмысшы мамандықтарының маңыздылығын арттыруға, жастарды осы салаға тартуға бағытталған. Қаламызда жұмысшы мамандықтарын насихаттап, еңбек ардагерлерінің өнегелі өмір жолын жастарға үлгі етуде ауқымды шаралар ұйымдастырылуда. Осы мақсатта Ә. Тәжібаев атындағы Қызылорда облыстық әмбебап ғылыми кітапханасында Еңбек күніне орай «Адал еңбек – жетістіктің бастауы» атты еңбек ардагерлерімен кездесу ұйымдастырылды.

Шарада болашақ ІТ мамандары, аспазшы, кондитер және тігінші ма­мандығы бойынша білім алып жат­қан студенттер өз қолдарынан жаса­ған өнімдерін көпшілік назарына ұсынды.

– Сіздерді осындай жиында көр­геніме қуаныштымын. Себебі жұ­мысшы мамандықтары – жай ғана мамандықтар емес, нағыз еңбекті, төзімділікті талап ететін салалар. Тіпті олардың орнын цифрлы дәуірде ешқандай технология алмастыра алмайды. 2025 жылды Мемлекет бас­шысы «Жұмысшы мамандықтар жылы» деп жарияласа, біз жастарға қолдау білдіруге дайынбыз. Қазіргі таңда қоғамға аспазшы, наубай­шы, қасапшы сынды жұмысшы мамандары қашанда қажет. Сондықтан біз сіздерді жұмысқа алып, қолдау көрсетуге әзірміз, – деді «Best Service LTD» ЖШС директорының орынбасары В.Сүгірбаева.

Еңбек адамдарын төрге шығарды

Бүгінгі шарада колледж студент­тері көрерменге шеберлік сағаттарын ұсынды. Жас ІТ мамандары көпшілік­ке өз жобаларын көрсетсе, тігінші мамандығында оқитын студенттер этно-стильдегі киім үлгілерін сән дефилесінде паш етті.

– Биыл баршамызға мәлім «Жұ­мысшы мамандықтар жылы». Бұл қатарға тігінші мамандығы да кіреді. Тігін – шабыт пен талғамның тоғысы. Әрбір жан тігінші бола алмайды әрине, себебі ол туа біткен талантты қажет етеді. Сондықтан осы мамандықты игеріп жүрген сту­денттерге айтарым – сәнге сұраныс ешқашан азаймайды. Сұлулыққа дем беретін тігін өнері ешқашан өлмейді, – деді «Гаухар» ательесінің директоры Қ.Мұсаймова.

Аспаз мамандығында оқитын студенттер де өз өнерлерін көрсетіп, тағам дайындау барысында тәжі­ри­­белерімен бөлісті. Жиында сту­денттер бір-бірімен тәжірибе ал­ма­сып қана қоймай, жұмысшы ма­ман­дықтарының қоғам үшін маңызын айқындай түсті. Бүгінде көп­шілігі тек кеңседе жұмыс істеуді армандайды. Ал шын мәнінде қо­ғамға жұмысшы мамандықтары ауа­дай қажет. Бұл шара еңбектің қадірін түсінуге септігін тигізді.

Шара соңында көрермен назарына «Тіршілік негізі – еңбек» атты кітап көрмесі ұсынылды.

Еңбек адамдарын төрге шығарды

Айдана БАХТИЯР

 


 

Жылдам ақпарат алу үшін Facebook, Instagram желілері мен Telegram каналымызға жазылыңыз!

Тағы да оқыңыз: