Жұма, 27 желтоқсан, 05:01

  • Қаз
  • Qaz

Бізге жаңалық
жіберіңіз:

+7(702)932-52-25
Жаңа шығарылым
№101 (2111)
24.12.2024
PDF мұрағаты

Еңбек күнінде арнайы техника табыстады

28.09.2024

393 0

Еңбек күні қарсаңында облыс әкімі Нұрлыбек Нәлібаев аймақтағы коммуналдық мекемелерге

52 жаңа арнайы техниканың кілтін табыстады. Жиынға Парламент депутаттары Наурызбай Байқадамов, Руслан Рүстемов, Мұрат Әбенов, Мархабат Жайымбетов пен

Мұрат Ергешбаев қатысты.

Аймақ басшысы сала еңбеккерлерін құттықтап, игі тілегін жеткізді.

– Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Кемелұлы: «Ел мүддесі – бәрінен биік. Әділетті Қазақстанда еңбек адамына ерекше құрмет көрсетілуге тиіс. Еңбек адамдары – еліміз бен мемлекетіміздің тірегі» деген болатын. 2013 жылғы қарашада Президентіміздің Жарлығымен қыркүйектің соңғы жексенбісі Еңбек күні болып бекітілді. Бұл – жасампаз ісімен, маңдай терімен ел дамуына өлшеусіз үлес қосып жүрген сіздерге деген құрметтің белгісі. Сыр өңірі қандай жетістікке жетсе де, қандай биіктен көрінсе де, өздеріңіз секілді еңбексүйгіш азаматтарымыздың еңбегінің жемісі деуге әбден болады.

Коммуналдық сала еңбеккерлерінің халыққа қызмет көрсету сапасын арттыру үшін бүгін облыстық бюджет­тен 2 млрд теңгеге сатып алынған 5 арнайы техниканы «Қызылорда су жүйесі» мекемесіне, 23 көлікті «Жасыл Қызылордаға», 24 көлікті «Қызылорда тазалығы» мекемелеріне табыстаудамыз. Тұрғындардың таза, қолайлы ортада өмір сүріп, сапалы қызмет алуын жақсарту өте маңызды. Жаңа техникалар жұртшылықтың игілігі үшін қызмет етеді, – деді Нұрлыбек Машбекұлы.

Айта кетейік, күні кеше жылу-электр орталығына 9 жаңа заманауи арнайы техника кілті табысталды. Барлық автокөлік халықаралық және ұлттық стандарттарға сәйкес жан-жақты тексеруден өткізілген, ар­найы сұраныспен жергілікті жердің климаттық жағдайына бейімделіп дайындалған.

Коммуналдық салада еңбек ете­тін азаматтар облыс әкімінің Алғыс хатымен марапатталды. Айта кетейік, соңғы жылдары өңірде барлық сала­ның материалдық-техникалық ба­засын нығайтуға басымдық берілуде. Қо­ғамдық көліктің мәселесін түбе­гейлі шешу үшін 300, мектеп оқушыларына 30 автобус, денсаулық сақтау саласына 70 жедел жәрдем көлігі, орманшыларға 95 арнайы техника, ветеринария сала­сының мамандарына 59, құқық қорғау органдарына 92 қызметтік автокөлік алынды.

Коммуналдық салаға да жан-жақ­ты қолдау көсетілуде. «Қызылорда тазалығы»,  КРЭК, «Қызылорда су жүйесі» мекемелеріне 42 арнайы тех­ника табысталып, тұрғындар игі­лігі үшін қызмет етуде. Мұнан бөлек, «Үлгілі елді мекен» облыстық байқауының жеңімпаздарына күнде­лікті ел тұрмысына қажетті, зама­науи үлгідегі 48 арнайы техника берілді. Мұнан бөлек, биыл облыс тұрғындарының сұранысына сәйкес өңірдің барлық елді мекеніндегі денсаулық сақтау мекемелеріне 200 санитарлық автокөлік алынуда. Оның 126-сы қолданыста, қалған 74-і жақын күндері табысталады.

«Ақмешіт-ақпарат»

 


 

Жылдам ақпарат алу үшін Facebook, Instagram желілері мен Telegram каналымызға жазылыңыз!

Тағы да оқыңыз: