Сенбі, 08 қараша, 13:40

  • Қаз
  • Qaz

Бізге жаңалық
жіберіңіз:

+7(702)932-52-25
Жаңа шығарылым
№85 (2197)
08.11.2025
PDF мұрағаты

Еңбектің наны тәтті немесе құрметке бөленген күн

08.11.2025

48 0

Осы аптада А.Тоқмағамбетов атындағы мәдениет үйінде «Еңбек мерейі – ел құрметі» тақырыбында салтанатты кеш өтті. Түрлі сала қызметкерлерін марапаттау салтанатына қала әкімі Нұржан Ахатов қатысып, Мемлекет басшысының Сыр өңіріне  жұмыс сапарындағы іс-шараны ұйымдастыруға және «Таза Қазақстан» республикалық экологиялық акциясына белсенді атсалысқан азаматтарға облыс әкімі Нұрлыбек Нәлібаевтың алғысын жеткізді.

– Өткен аптада Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Кемелұлы өңірімізге жұмыс сапарымен келіп, ел игілігіне бағытталған ірі инвестициялық, инфрақұрылымдық және өндірістік жобалардың жүзеге асы­рылу барысымен танысты. Қала көшелері мен даңғылдарының аясы кеңейіп, жол-көлік инфрақұрылымында серпінді жұ­мыстар жүзе­ге асты. Көпірлер күрделі жөн­деуден өтіп, жаңа өткелдер салынды. Аймақ басшысының ұтымды үйлестіруімен, демеушілердің көме­гімен барлығы 55 млрд  теңгеден астам қаржыға жаңа жобалар жүзеге асуда.

Бүгінде ел Президентінің бастамасы­мен қолға алынған «Таза Қазақстан» республи­ка­лық акциясы аясында облыс орталығы­ның озық сәулеттік үлгісі қалыптасып, халық­тың эко­логиялық мәдениеті, тазалыққа, ең басты­сы, тәртіпке деген жауапкершілігі артты.

Қызылорда – еліміздегі ең таза қалалар қатарына қосылды. Жаңадан саябақ, сквер, аллеялар соңғы үлгіде абаттандырылып, жаңғыртудан өтуде.

Соның бірі әрі бірегейі Тұңғыш Президент саябағындағы ілкімді істер.

Ел Президенті облыс әкімі Нұрлыбек Машбекұлының аймақтың әлеуметтік-эко­­но­микалық дамуы мен мәдени-руха­ни өрлеуінің мол мүмкіндігін ашқан қажыр­лы қызметіне, Сыр еліндегі байыпты баста­маларға жоғары бағасын берді. Облыстың жарқын болашағына сенім білдірді.

Өз кезегінде аймақ басшысы да Қызыл­орда облысының өсіп-өркендеуіне, халқы­мыздың әл-ауқатының артуына атсалысқан, ортақ іске жұмыла білген азаматтарды лайықты бағалады. Бұл еңбекке деген мәртебелі құрмет.

Бүгінгі арнайы шарада Нұрлыбек Машбек­ұлы сіздерге ыстық ықыласын ар­нап, облыстың ең жоғары марапаты – Құрмет грамотасымен Алғыс хаттарын табыс­­тауды тапсырды, – деді Нұржан Сәбитұлы.

Айта кету керек, соңғы жылдары аймақ басшысының қолдауымен және тың бастама­ларымен Сыр шаһары қарқынды дамып келеді. Қала бюджеті еселеп артып, халыққа ең қажетті әлеуметтік нысандар бой түзеді. Тұрғын үй кезегіндегі отбасылар баспана бақытына кенеліп, инфрақұрылымдық жоба­лар сәтті жүзеге асты.

Бүгінде бас шаһар жаңару мен жаңғы­рудың, өркендеу мен өрлеудің үлгісіне айналып отыр. Заманауи инфрақұрылыммен, әлеуметтік және экономикалық тұрақты­лығымен, өндіріс пен кәсіпкерлік өркен­деген өңірдің өрісі кеңейген. Мемлекет басшысының, Үкіметтің тұрақты қолдауы негізінде және аймақ басшысының үйлес­тіруімен Сыр өңірі ауқымды жобалар мен тың бастамалар арқылы көшбасшылар қатарынан көріне беретініне сенім мол.

Гауһар ҚОЖАХМЕТОВА

 


 

Жылдам ақпарат алу үшін Facebook, Instagram желілері мен Telegram каналымызға жазылыңыз!

Тағы да оқыңыз: