Жұма, 27 желтоқсан, 04:14

  • Қаз
  • Qaz

Бізге жаңалық
жіберіңіз:

+7(702)932-52-25
Жаңа шығарылым
№101 (2111)
24.12.2024
PDF мұрағаты

Exit poll нәтижесі: Қазақстандықтар АЭС салуды қолдайды

08.10.2024

385 0

Кешегі жексенбі, яғни 6 қазан ел болашағы үшін маңызды күн болды. Елімізде АЭС салу жайын халық шешіміне қалдырып, референдум өтті. Бұл күні қазақ жұрты ел болашағы үшін өз таңдауын жасады.

Мемлекет басшысы референдумға байланысты өз таңдауын жасағаннан кейін бұқаралық ақпарат құралдарының өкілдері үшін брифинг өткізді. Президент референдум туралы пікір білдіріп, одан қандай нәтиже күтетінін айтты.

– Бүгін – тарихи күн. Халқымыз АЭС салу мәселесіне қатысты дауыс беріп жатыр. Референдум – тікелей демократияның өте тиімді тетігі. Халқымыз қандай шешім қабылдаса, мемлекетіміздің түпкі байламы да солай болады. Нәтиже оң болады деп ойлаймын. Шын мәнінде, бұл – тағдыршешті оқиға. Сондықтан мен референдумды қолдаймын, – деді Қасым-Жомарт Тоқаев.

Президент «Референдум қорытындысы бойынша халқымыз АЭС салуды қолдаса, оның құрылысын қай ел жүргізеді?» деген сұраққа жауап берді.

– Бұл оңай мәселе емес. Үкімет талдау жасап, тиісті келіссөздер жүргізуге тиіс. Менің пікірімше, Қазақстанда ең озық технологиялары бар әлемдік компаниялардан құралған халықаралық консорциум жұмыс істеуі қажет. Қалғанын уақыт көрсетеді, – деді Мемлекет басшысы.

ШЫҰ байқаушылары:

дауыс беру қалыпты өтті

Халықаралық байқаушыларға қолғабыс көрсету орталығында өткен баспасөз конференциясында Шанхай ынтымақтастық ұйымының (ШЫҰ) миссия мүшелері Қазақстанда АЭС салу мәселесі бойынша референдумды бақылау барысында атқарған жұмысын қорытындылады. ШЫҰ байқаушылары референдум өткізу үшін барлық жағдай жасалғанын, оның ішінде мүмкіндігі шектеулі азаматтар үшін жағдай жасалғанын атап өтті. Олег Копыловтың айтуынша, АЭС салуды қолдайтындар мен бұған қарсы азаматтар референдумға шығарылған мәселе бойынша үгіт жұмыстарын еркін жүргізді. Миссия мүшелері бақылау үшін өз бетінше таңдаған 35 учаскеге барды. ШЫҰ байқаушылар миссиясының басшысы дауыс беру белгіленген тәртіпті сақтай отырып, қалыпты өткенін айтты.

Референдумның алдын ала қорытындысы: 7,8 млн-нан аса адам таңдау жасады

АЭС бойынша референдум да өз мәресіне жетті. 6 қазанда ел бойынша 10249 референдум учаскесінде дауыс беру басталған еді. Орталық коммуникациялар қызметінде өткен брифингте «Астана – кешенді әлеуметтік зерттеулер институты» талдаушысы Әлібек Тәжібаевтың айтуынша, «Астана – кешенді әлеуметтік зерттеулер институты» жеке қоры «Хабар» агенттігі» АҚ тапсырысымен 2024 жылдың 6 қазанында дауыс беру учаскелерінен шыға берісте exit-poll әдістемесі негізінде азаматтардың ерік білдіру нәтижелерінің алдын ала есебін жүргізген екен.  Сауалнама нәтижесі бойынша елімізде «иә» деп 69,8 пайыз дауыс берсе, «жоқ» деп 30,2 пайыз дауыс берді. Бұл – жақсы көрсеткіш. Бұл халқымыздың ел болашағына бей-жай қарамай, белсенділік танытқанын көріп отырмыз. «AMANAT» партиясының «Қоғамдық саясат институты» жекеменшік мекемесі өткізген exit-poll нәтижесі бойынша «иә» деп 72,3 пайыз таңдау жасаса, «жоқ» деп 27,7 пайыз дауыс берді делінген. Жарияланған мәліметтерге сәйкес, референдумға қатысуға құқығы бар Қазақстан Республикасы азаматтарының жалпы саны 12 миллион 284 мың 487 адамды құрады. Жалпыхалықтық референдумның қорытындысы бойынша республикада 7 млн 820 мың 204 адам таңдау жасаған екен. Орталық референдум комиссиясының дерегінше, дауыс беруде Алматы қаласының белсенділігі төмен болды. Қала тұрғындарының тек 25,39 пайызы таңдау жасаған. Аймақ тұрғындары саяси науқанда еркеше белсенділік танытты. Дауыс беруде ең белсенді болған өңір – Қызылорда облысы. Бұл республика бойынша рекордты көрсеткіш саналады.

Сырбойылықтар

белсенділік танытты

Аймақта 380 референдум учаскесінің 126-ы Қызылорда қаласында, 254-і аудандарда орналасқан. Таңнан бері дауыс беруші азаматтар учаскеге келіп, өз таңдауларын жасауда. Олардың қатарында, алғаш дауыс берген, сол күні шаңырақ көтерген ерлі-зайыптылар да өз таңдауын жасады. Мұнан бөлек, азаматтар үшін 109 бірыңғай байланыс орталығы да үздіксіз жұмыс жасады. 4 ауысыммен жұмыс жасаған 36 диспетчер 25 күннің ішінде 2000-нан аса қоңырауға жауап берсе, референдум күні 1000 аса қоңырау түскен екен. «Жедел әрекет ету орталығы» КММ директоры Темірхан Мұқанғали айтуынша, келіп түскен сауалдардың басым бөлігі – азаматтардың өз учаскесін анықтауы және тізімде жоқ азаматтардың дауыс брушілерді уақытша тіркеу мәселесіне қатысты болды.

Референдумда дауыс беруге ниеттенген 4251 азамат үйден дауыс беруге өтініш қалдырған екен. Оның 685 адамы Қызылорда қаласында  дауыс берсе, қалған азаматтар ауданда өз таңдауын жасады.

Шетелде жүрген азаматтарымыз да елдік мәселеден қалыс қалмай, өз таңдауын жасады. Олар үшін 74 референдум комиссиясы жұмыс істеді. ҚР Сыртқы істер министрлігінің баспасөз қызметі мәліметінше, 59 елде дауыс берген Қазақстан азаматтарының жалпы саны 9976 адамға жетті. Бұл дауыс берушілердің қатысу белсенділігі тұрғысында 81,6% құрады.

С. Хайруллақызы

 


 

Жылдам ақпарат алу үшін Facebook, Instagram желілері мен Telegram каналымызға жазылыңыз!

Тағы да оқыңыз: