БАҚ өкілдерінің кәсіби мерекесіне арналған «Қанатты қалам» мерекелік жиынында сырбойылық бірқатар журналистер «Ақпарат саласының үздігі» медалімен марапатталды.
Олардың қатарында «Ақмешіт апталығы» газетінің тілшісі, ақын, Қазақстан журналистер одағының мүшесі Гауһар Қожахметова да бар. Гауһар Асқарқызы мәденит, руханият тақырыбында қалам тербеп жүрген журналист. Сонымен қатар нәзік иірімге толы өлеңдерімен оқырман жүрегіне жол тапқан ақын. «Журналистика – жүрек қалауым» дейтін әріптесіміз биыл асқаралы алпыстың биігін бағындырып отыр. Мерейлі жасыңызда мерейіңізді өсіріп, кеудеңізде жарқыраған медаліңіз құтты болсын демекпіз!
Жылдам ақпарат алу үшін Facebook, Instagram желілері мен Telegram каналымызға жазылыңыз!