Сейсенбі, 25 қараша, 01:19

  • Қаз
  • Qaz

Бізге жаңалық
жіберіңіз:

+7(702)932-52-25
Жаңа шығарылым
№90 (2202)
25.11.2025
PDF мұрағаты

«Гендерлік зорлық-зомбылыққа қарсы 16 күн» акциясы өтеді

25.11.2025

38 0

Жыл сайын 25 қараша мен 10 желтоқсан аралы­ғын­да бүкіл әлемде Гендерлік зорлық-зомбылыққа қарсы 16 күндік белсенді әрекет акциясы өтеді.

Бұл акция  25 қараша – Әйелдерге қатысты зорлық-зомбылықты жою халықаралық күні мен 10 желтоқ­сан – Адам құқықтары күніне орай ұйымдастырылады. Бұл күндер арасы кездейсоқ таңдалмаған. Гендерлік зорлық-зомбылық пен адам құқықтары бір-бірімен тығыз байланысты.

Елімізде әйелдер мен қыздарға қатысты зорлық-зомбылықтың алдын алу бағытында ҚР ІІМ, мемлекеттік органдар, үкіметтік емес ұйымдар және халықаралық серіктестер бірігіп жұмыс істеуде.

Алайда статистика әлі де алаңдатарлық. Көптеген әйел зорлыққа ұшырағанын ашық айтуға қорқады немесе көмекке жүгінбейді.

Осы орайда, ҚР ІІМ-нің нұсқаулығына сәйкес, Қызылорда қаласының Полиция басқармасы Қоғамдық қауіпсіздік бөлімі Отбасылық-тұрмыстық зорлық-зом­былыққа қарсы күрес бөлімше жұмыстарының басым бағыттарының бірі – зорлық-зомбылыққа қарсы әрекет ету.

2025 жылдың 25-қараша мен 10-желтоқсан аралығын­да қала көлемінде «Гендерлік зорлық-зомбылыққа қарсы 16 күн» акциясы өтеді.

Акияның негізгі мақсаты:

– Отбасы-тұрмыс саласында орын алатын заң бұзушылықтардың профилактикасын күшейту;

– Қоғамдағы әйелдер мен балаларды қолдау, қорғау;

– Құқықтық сауаттылықты арттыру;

– Жәбірленушіге көмек көрсету жолдарын түсін­діру;

– Гендерлік теңдік пен адам құқықтарын қорғау;

– Қабылданып жатқан шаралар жайында ақпарат­тандыру жұмыстарын жүргізеді

Негізгі іс-шаралар:

Түсіндіру жұмыстары ( мектеп, мекемелерде);

Ашық дәрістер, форумдар, тренингтер;

Жаяу шерулер, флешмобтар;

Онлайн науқандар, ақпараттық роликтер мен плакаттар тарату.

Қала тұрғындарының назарына! Біз не істей аламыз?

Зорлық-зомбылық байқасақ, үнсіз қалмайық;

Жәбірленушіні қолдайық, көмектесетін орындарға бағыттайық;

Қоғамда «зорлық – бұл қылмыс» деген ұстанымды белсенді наихаттайық.

«Гендерлік зорлық-зомбылыққа қарсы 16 күн» – бұл тек ақпараттық науқан ғана емес. Бұл – әр адамның қауіпсіздік, теңдік және қадір-қасиетке лайық өмір сүру құқығын қолдайтын қозғалыс.

Біз әрекет етсек, зорлықты тоқтата аламыз!

Айгерім ЕРБОЛАТ,

 Қызылорда қаласының Полиция басқармасы Қоғамдық қауіпсіздік бөлімі, Отбасылық-тұрмыстық зорлық-зомбылыққа қарсы күрес бөлімшесінің бастығы полиция майоры

 


 

Жылдам ақпарат алу үшін Facebook, Instagram желілері мен Telegram каналымызға жазылыңыз!

Тағы да оқыңыз: