Сейсенбі, 06 мамыр, 12:19

  • Қаз
  • Qaz

Бізге жаңалық
жіберіңіз:

+7(702)932-52-25
Жаңа шығарылым
№33, 2146
06.05.2025
PDF мұрағаты

Grok 3.5: Илон Маск ұсынған болашақтың жасанды интеллектісі

06.05.2025

13 0

Илон Маск жаңа «Grok 3.5» жасанды интеллектінің жақын арада шығатынын Х әлеуметтік желісіндегі парақшасында хабарлады. Оның айтуынша, бұл «ерекше нәрсе» болмақ. Илон Маск «Grok 3.5»-тің бета-нұсқасы дайын екенін айтып, оның күрделі техникалық тақырыптарды терең талдап, ашық дереккөздерде жоқ шешімдер мен жауаптар ұсынуға қабілетті екенін жеткізді. Бұдан бөлек, миллиардер

X (бұрынғы Twitter) әлеуметтік желісінің ұсыныстар алгоритмін едәуір жақсартатынын мәлімдеді. Алгоритм Grok-тың жеңілдетілген нұсқасымен ауыстырылады, бұл жүйенің әлдеқайда тиімді жұмыс істеуіне мүмкіндік береді. 

Илон Масктың айтуынша, пайдаланушылар қазірдің өзінде оң өзгерістерді байқай бастауы тиіс.

Мамандар ескертеді: Қоғамдық USB – қауіп көзі

Туристерге қоғамдық орындарда орнатылған USB-зарядтау станцияларын пайдаланудан бас тарту ұсынылады. Себебі мұндай құрылғылар арқылы хакерлер смартфондарға зиянды бағдарлама енгізіп, жеке деректерді ұрлауы мүмкін. «Tourprom.ru» порталында жарияланған ақпаратқа сүйенсек, бұл шабуыл әдісі «USB-джекинг» деп аталады. Оның мәні мынада: шабуылдаушылар қоғамдық зарядтау станцияларына немесе кабельдерге зиянды кодты алдын ала орнатып қояды. Пайдаланушы телефонын қосқанда, зиянды бағдарлама құрылғыға еніп, оған толықтай қол жеткізу мүмкіндігін береді – бұл фотосуреттерге, хабарламаларға, банктік қосымшаларға, тіпті камера мен микрофонға рұқсат алуға әкелуі мүмкін. «Ars Technica» басылымының хабарлауынша, хакерлер құрылғыны компьютер емес, USB-клавиатура ретінде таныстырып, соның көмегімен телефонға командалар жібереді. Сонымен қатар олар Bluetooth арқылы файл алмасуға автоматты түрде рұқсат сұрап, кейбір жүйелердегі қорғаныс механизмдерін айналып өтеді. Бұл шабуыл түрі Android пен iOS жүйелеріне де әсер етуі мүмкін. «Tourprom.ru» сарапшыларының айтуынша, қазіргі таңда толыққанды қорғаныс жүйесін тек Apple және Google компаниялары ғана енгізген. Ал басқа құрылғыларда мұндай шабуылдарға қарсы тиімді қорғаныс тетіктері әлі жоқ. Мамандар мынадай қарапайым, бірақ маңызды қауіпсіздік шараларын ұсынады: Қоғамдық USB-станцияларды пайдаланбауға тырысыңыз, зарядтау үшін тек өзіңіздің адаптеріңіз бен кабеліңізді қолданыңыз, құрылғыда USB-отладка (USB debugging) режимін сөндіріп қойыңыз – бұл сырттан басқару рұқсатын шектесе, ал жолда немесе саяхат кезінде қауіпсіздік үшін өзіңізбен бірге «Power Bank» алып жүрген жөн.

Telegram: Топтық қоңырауға 200 адам қосыла алады

Telegram платформасының негізін қалаушы Павел Дуров енді қосымшада жүздеген адам қатыса алатын топтық қоңыраулар жасауға болатынын өз Телеграм мессенджерінде мәлімдеді.

Дуровтың айтуынша, енді Telegram арқылы кез келген қоңырауға 200-ге дейін қатысушыны қосуға болады. Бұл үшін сілтеме, QR-код немесе тікелей шақыруды пайдалануға болады. Ал егер бұл жеткіліксіз болса, топтардағы дауыс және бейне чаттар он мыңдаған қатысушыны қолдай алады. Сонымен қатар Дуров Telegram-дағы бар­лық қоңыраулар шифрлау және блокчейнге ұқсас технологиямен қорғалатынын атап өтті. Бұл ешкімнің тыңшы ретінде құпия түрде қосыла алмайтынына кепілдік беретінін мәлімдеді.

 


 

Жылдам ақпарат алу үшін Facebook, Instagram желілері мен Telegram каналымызға жазылыңыз!

Тағы да оқыңыз: