Қарулы Күштерінің бірыңғай жүйесін құрайтын қазіргі заманғы, саны жанынан жинақы, жақсы жабдықталған жəне жауынгерлік қабілеті жоғары Құрлық əскерлері, Əуе қорғанысы күштері мен Радиоэлектроника жəне байланыс əскери-инженерлік институты жəне Кадет корпусы құрылды. Əскери оқу орындары əскерилердің кəсіби шеберлігін арттыру саясатын жалғастыруда. Сонымен бірге əскерлерді келісімшарт негізінде жасақтау, армияны қазіргі заманғы қару-жарақпен жарақтандыру одан əрі дамытылды. Сонымен қатар тағдырын армиямен байланыстыруға шешім қабылдаған азаматтар үшін қолайлы əлеуметтік жағдайлар жасалатын болады. Бүгінгі күні отандық əскери білім беру жүйесін Қорғаныс министрлігінің қарамағында əскери оқу орындары құрайды. 1. Алматы қаласында орналасқан Сағадат Нұрмағамбетов атындағы Құрлық əскерлерінің Əскери институты. 2. Ақтөбе қаласында орналасқан Екі мəрте Кеңес Одағының батыры Т.Ж.Бигелдинов атындағы Əуе қорғанысы күштерінің Əскери институты. 3. Алматы қаласында орналасқан Радиоэлектроника жəне байланыс əскери-инженерлік институты. 4. Ақмола облысы Щучинск қаласында орналасқан Қорғаныс министрлігінің Шоқан Уəлиханов атындағы Əскери колледжі. ҰБТ мынадай жалпы білім беру пəндерінен жүргізіледі: математика, физика-негізгі пəн, Қазақстан тарихы, қазақ немесе орыс тілдері. Кемінде 50 балл, оның ішінде математикадан сауаттылығы немесе математикадан кемінде 7 балл тестілеу нəтижесі бар үміткерлер келесі емтихан тапсыруға жіберіледі. Əскери оқу орнын бітірген азамат лейтенант шенімен оқу бітірісімен Қазақстан Республикасы Қарулы Күштерінің əскери бөлімдеріне жөнелтіп, əскери қызмет атқарады, яғни əскери мамандықты таңдаған азаматты жұмыссыз қалдырмайды. Керісінше мүмкіндігінше үй-жаймен қамтамасыз етіп, барлық жағдайды жасайды. Сондықтан қаламыздағы болашақ ел қорғайтын ер азаматтар Бауыржан аталарымыздай жау жүрек батыр болғылары келсе, елінің тыныштығы мен қауіпсіздігі үшін қызмет етуді мақсат тұтар болса, жергілікті жердегі Қорғаныс істері жөніндегі басқармаға (военкоматқа) жолығуларын сұраймыз. Мекенжайымыз: Қызылорда қаласы, Шүкіров көшесі 101 А Байланыс телефондары: 24-50-22, №127 кабинет Қалалық қорғаныс істері жөніндегі басқармасы (военкомат)
Оқуға шақырамыз!
Қазақстан Республикасы Қорғаныс министрлігі республикалық мемлекеттік қазыналық кəсіпорны «Əскери-техникалық мектебі» Тараз филиалы базасында өтеусіз негізде мерзімді əскери қызмет өткермеген азаматтарды оқуға шақырамыз. 11 сынып бітірген азаматтарды «ВС1С» санаттағы əскери жүргізушілерді даярлау бойынша оқуға шақырамыз. Əрбір азамат оқу кезеңінде далалық киім-кешекпен, үш рет тамақтандырумен қамтамасыз етіледі. Бітіргеннен кейін мерзімді əскери қызметке міндетті түрде жөнелтіледі. Сонымен қатар əскери борышын өтеп болғаннан кейін мамандығымен келісімшарт бойынша əскери қызметке орналасуға, əсіресе Қызылорда қаласы маңындағы əскери бөлімдерге орналасуға болатынын жеткіземіз. Қойылатын талап: денсаулық жағдайы бойынша жарамды, бойы 170 см төмен емес, жасы он сегізге толған жəне жиырма екі жасқа дейінгілер. Қылмыстық жауапкершілікке тартылмаған болуы қажет. Оқу мерзімі: үш ай. Ниет білдірген азаматтар төмендегі мекенжайға хабарласуына болады. Қызылорда қаласының қорғаныс істері жөніндегі басқармасы, Шүкіров көшесі 101 А үй №127 кабинет, телефон 24-50-22.
Жылдам ақпарат алу үшін Facebook, Instagram желілері мен Telegram каналымызға жазылыңыз!